дың мінез құлқы мен санасы, сонымен қатар өмірге деген көзқарасы өзгеруде. Кейбір жағдайда адам жақсылық жасап, өзінің жақсы жақтарын көрсетсе, ал кей уақыттарда адамдар керісінше іс әрекеттер жасайды.
"Адамдарға жанашырлық таныту оқиғасы"
(Ситуациялық жағдай) Нашар киінген бір ер адам көшеде кетіп бара жатады. Оның тұсында бір жас жігіт пен қыз өтіп бара жатады. Ер адам құлап, аяғын сындырып алады. Оны жас жігіт пен қыз көреді. Қыз құлаған ер адамға барып көмектескісі келетінін айтады. Ал жігіт сол адамның құлағанына сол адамның өзі кінәлі екенін айтып, қыздың оған барып көмектескенін қаламайды. Жігіт көмектеспек болған қыздың қолын ұстап алып, оны жібермей-ақ қояды. Жігіттің бұл қылығын ұнатпаған қыз, оның қолын итеріп тастап, құлап қалған ер адамға көмектесуге барады. Барған соң ер адамға жедел жәрдем көмегі қажет екендігін айтып, әлгі жігіттен қалта телефонын сұрайды. Жігіт үндемеді. Кейін қыз жігітпен ара қатынасының үзгенін айтып, одан кетуін өтінеді. Жігіт кеткеннен кейін қыз ер адамды ауруханаға жеткізеді. Ал аяғы сынған ер адам қызға міндетті түрде өз бақытын табатындығы туралы айтады.
Бұл оқиғада кім адамгершілік танытты? Сендер мұндай оқиғада не істер едіңдер?
Әр топтың топ басшысы келіп мына жерден тақырып жазылған парақты таңдап алсын. Сол тақырып бойынша әр топ оқушылары өз ойын айтады, постер қорғайды.
Қорытынды
Біздің сыныбымыз - бұл шағын отбасы. Біздер отбасымызда әрқашан береке мен бірлік, өзара сыйластық болғанын қалаймыз. АҚШ та толеранттылық күні оқушылар жел қалақтарын жасап, оның ішіне бір-біріне тілек жазады екен. Ал енді біз мына плакаттағы толеранттылық ағашының бетіне сыныпқа арналған тілектерімізді жазып бекітейік
Енді біз сабағымызды қорытындыласақ деймін.
Ол үшін бәріміз шеңбер
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>