Толағай

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

"Ақбота" балабақшасы




(Сауықтыру сайысы)




Өткізген: Турсунбекова Г.



Тақырыбы. " Толағай" сауықтыру сайысы.
Жүргізуші: Қадірменді балабақша қызметкерлері. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай "Салауатты өмір салтын" ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Бүгінгі қоғам мүдесіне лайықты,жан-жақты жетілген,парасатты,мәдениетті,дені сау азамат өсіру балабақшаның жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян. Балабақшамыздың да негізгі мақсаты болашақта жас ұрпақты халқына қалаулы дені сау сымбатты, шыныққан адамгершілігі мол азамат етіп өсіріп тәрбиелеу. Біздің бүгінгі "Толағай" атты сауықтыру сайысына қош келдіңіздер.
Ұстанған салауатты өмір салтын
Жасқанып ешқашан да мойымайтын
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық бәріміз .
Сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.
1 жұп "Алтын сақа" тобының намысын қорғау үшін Гүлшат Боланқызы мен Серіковтар отбасын шақырамыз.
2 жұп "Ақ тиін" тобының намысын қорғау үшін Айнұр Болатқызы мен Ақылбековтар отбасын шақырамыз.
3 жұп "Қызғалдақ" тобының намысын қорғау үшін Айгүл Тұрарқызы мен Бейсенбаевтар отбасын шақырамыз.
Бала өсірген ата-ана
Бала болып ойнайды
Бала тәрбиелеген тәрбиеші
Бала болып ойлайды
Жарысымызды бастамас бұрын
Жарысып енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер деп әділ бағасын беретін қазылармен таныс болайық.
1 Балабақша меңгерушісі Нуралина Майра Серікқызы
2. Балабақша әдіскері Сарманова Көркем Каббас қызы
Жүргізуші. Қалма жұрттың соңында
Қажет болса мың атта
Аздық етер оныңда
Тез жету үшін мұратқа

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: