II кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: «Түлкі»
Мақсаты: Аңның сипаттық ерекшеліктерін көрсете отырып, түлкіні бейнелеуді үйрету.
Міндеттері: Білімділік: Жабайы және үй жануарларының атауын бекіту. Дамытушылық: Қылқаламмен жұмыс істей білу техникасын, көзбен мөлшерлеуді дамыту. Тәрбиелік: Адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Сөздік жұмысы: Ін, апан, үлпілдек жүн
Демонстрациялық материалдар: үлгі, аңдардың суреті, ойыншықтар
Үлестірмелі материалдар:Бояу, қылқалам, су құятын ыдыс, сүлгі.
Қостілдік компонент: апан-берлога, ін-нора, қу-хитрый.
Іс-әрекет кезеңдеріТәрбиешінің әрекетіБалалардың әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңбері:
«Амансың ба, алтын күн!»
01-«Г»-15
Жұмбақ жасырады:
Ыржияды, күледі,
Басқан ізді біледі.
Таусылмайтын шабысы,
Жұртқа мәлім жүрісі.
Ол не?
Қонаққа Түлкі келгенін хабарлайды.
Ол жалғыз екенін, оның достары жоқ екенін айтады.
Бәрі бірге айтады
Үстелді жағалай отырады.
Түлкі
Қызығушылық танытады, амандасады.
Әңгімелесу
Тақтаға «Жабайы аңдар» плакатын іледі.
Плакатқа қарап аңдарды атауды ұсынады.
-Аңдар қайда өмір сүреді?
-Аңдар қысқа қалай дайындалады?
-Тиін ше?
-Қоян ше?
-Кірпі қалай дайындалады?
-Қасқыр не істейді?
Қызықты деректер
Түлкі- керемет аң. Оның иіс түйсігі мен есту қабілеті күшті. Бұл оның төнген қауіпті алдан ала сезіп, қашып кетуіне, сондай-ақ аң аулауына да көмектеседі. Ол оппа қардың астындағы тышқанды да ести алады. Түлкі-ұзын үлпілдек құйрығы бар жыртқыш аң.
Аңдарды атайды: түлкі, аю, арыстан, кірпі, қоян, тиін
Аңдар орманда өмір сүреді.
Аю қыс
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>