КМҚК балабақша "Дәншік"
Түлкі күшіктерімен
Түлкі күшіктерімен
Тәрбиеші: Каирканова
Сайран Талдыбаевна
Ересек тобы
Қантар айы. 2017 жыл.
Тәрбиеші: Каирканова Сайран Талдыбаевна
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті.
Ересек тобы
Білім беру саласы: қатынас, әлеуметтік орта.
Тақырыбы: "Түлкі күшіктерімен "
Бөлімі: Тіл дамыту
Мақсаты: Балалардың тілін дамыту, тыңдауды үйрету, және әртүрлі тәсілдерді қолданып (рөлмен орындауды) есте сақтап соны қайталап айтып беруді үйрету.
Балалар, жұмбақ шешіңдер:
Өзі шірақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай мен шу. (түлкі)
Тәрбиеші тақтаға сурет іледі "Түлкі күшіктерімен".
Суретте не көріп тұрсыңдар? ( түлкі, түлкі күшіктерімен, түлкі балаларымен).
Түлкінің балаларын еркелетіп қалай айтуға болады? (күшік, түлкішек).
Қандай өзі? (кіщкентай, сүйкімді, әдемі).
Балалар "кішкентай" деген сөзді айтпаса тәрбиеші сұрақ қояды:
"күшігі кішкентай ма, әлде үлкенбе?"
Күшігі кішкентай ал түлкі қандай? ( үлкен).
Түлкі үлкен және күшті ал күшігі? (кішкентай, нәзік). Ия, күшігі әлі нәзік. Тамақ жеп өседі сонда күшті болады.
Күшіктері кішкентай, нәзік аулағанды білмейді, сондықтан анасы тышқан аулап тамқтандырады. Анасы біледі балалары аш екенің сондықтан күшіктеріне қарай жүгіреді қалай? (тез).
Кішкентай күшіктері тез жүгіре алмайды. Қалай жүгіреді? (ақырын).
Түлкі туралы көп ертегілер білеміз. Ертегілерде түлкіні қалай еркелетіп айтылады (Түлкеш-бикеш, Түлкіжан, Түлкішек).
"Түлкі мен ешкі" қазақ халық ертегісін сендерге айтып берейін. (ертегі кітаптан оқылмайды ауызша айтыл
Страницы: 1 | 2 > >>