Түлкі күшіктерімен

Страницы: <<  <  1 | 2

ады).
Сұрақтар:
Түлкі ешкінің сұрағына не деп жауап берді? (жаным рақат тауып тұрмын).
Айтылған жауаптың мағынасын басқаша қалай айтуға болады? (демалып тұрмын, салқындап тұрмын).
Тағы не деді? (апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп-тұнық суы бар екен деді).
Неге түлкі солай айтты? (үйткені түлкі өзі шығалмай қойды, ешкіні алдамақшы болды).
Не істеді ешкі? (мен де салқын су ішейін деп секіріп апанға түсті).
Түлкі қу екен деп айтуға болама? (түлкі қу, ешкіні алдады).
Ешкі қандай екен? (ешкі аңқау алданып қалды).
Ертегіні тағы айтып беремін, содан кейін сендер әңгімелеп беріңдер.
Сергіту сәт:
Ертегіні балалар рөлге бөлініп айтады:
Автор: Бір түлкі жортып келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шығайын десе шыға алмай тұрғанда, ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға келіп, түлкіні көреді:
Ешкі: - Әй, түлкі батыр, неғып тұрсың?
Түлкі: - О неғыласың, батыр, жаным рақат тауып тұрмын: қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім, апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп-тұнық суы бар екен.
Автор: Мұны естіп ешкі мен де салқын су ішейін деп, секіріп апанға түскенде, түлкі секіріп ешкінің үстіне мініп, одан мүйізіне шығып, мүйізінен секіріп қырға шығып, жөніне кете берді.
Ойын 2 рет қайталанады. Кейін бір бала ертегіні тұтас айтады.
ТРИЗ ойыны: "Жақсы-жаман". Мақсаты: жақсы-жаман қылықтарды айыра білу. Өз ойын анық айта білүді үйрету. Бір-біріне көмек беру керек екеніне тәрбиелеу.
Түлкі қандай жамандық істеді:
Сен түлкінің орнында не жасаушы едің?









Страницы: <<  <  1 | 2
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: