МЕТОДИЧЕСКАЯ РАЗРАБОТКА НЕСТАНДАРТНОГО УРОКА НА ТЕМУ «ТІЛІ МЫҚТЫНЫҢ – ЕЛІ МЫҚТЫ»
Суинкина Б. Б. , преподаватель казахского языка
Сабақтың мақсаттары.
Білімділік. Тіл әр ұлт пен этностың ең басты құндылығы, тілдің қуаты мен өміршеңдігі оның егесіне байланысты екендігін түйсіну; халықаралық тілдер, жойылып бара жатқан кейбір тілдер, қазақ тілі туралы сирек те маңызды, қызықты мәліметтермен танысу арқылы оқушылардың танымдық әрекетінің белсенді болуына, білімінің кеңеюіне ықпал ету.
Дамытушылық. Ақпаратпен жұмыс істеу, қажеттісін таңдау, ойлау, шығармашылық қабілеттерін, ой өресін дамыту.
Тәрбиелік. Қазіргі жаһандану заманында елдің бәсекеге қабілеттілігі адами капитал сапасымен, оның ішінде мемлекеттік тілмен қатар, шетел тілдерін меңгерумен өлшенетінін ұғынуға, Қазақстандағы «үштұғырлы тіл» саясатын қолдауға тәрбиелеу.
Конференция-сабақ (Халықаралық танымдық – тәжірибелік конференция-сабақ)
Әдіс-тәсілдер: баяндау, ойландыру (проблемалық), диалог, аударма, сөздікпен жұмыс
Пәнаралық байланыс: орыс, ағылшын тілдерімен, тарихпен
Технологиясы: дамыту
Техникалық құрал: интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І. Пленарлық мәжіліс.
Конференцияны жүргізуші:
Құрметті конференцияға қатысушылар!
Бүгінгі маңызды басқосуымызға Англия, Америка, Израиль, Ресейден қазақ тілін меңгерген лингвист-ғалымдар, еліміздің тіл мамандары қатысып отыр. Баршаңызға «Қош келдіңіздер Қазақстанға!» дейміз. Конференцияның пленарлық мәжілісінде баяндамашылар қысқаша түрде халықаралық тілдер, әлемдегі жойылып бара жатқан тілдер тағдыры, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілінің қазіргі жетістіктері туралы айтып береді. Қызықты танымдық мәліметтерге ден қойыңыздар.
Сөз кезегін баяндамашыларға берелік.
ДЖ. Уэйкхем, Англия
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>