Титриметриялық анализ

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

/> 10. Есептеулер жүргізу

II. Қауіпсіздік ережелеріне шолу жасау.
1. Қышқылдармен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережелерін сақтау
2. Сілтілермен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережелерін сақтау
3. Шыны ыдыстармен ұқыпты жұмыс істеу
4. Жұмыс орнын таза ұстау, реактивтерді үнепдеп пайдалану.

Оқушылардың өз бетімен жұмыс
1-тапсырма
200мл. NaOH ерітіндісін дайындау
а) тапсырманы есеп ретінде жазыңдар;
б) натрий (калий) гидроксидінің г-экв. есептедер;
в) формула бойынша есептеулер жүргізу (сілтіні есептелген формула бойынша 5 көбірек алындар);
г) техно-химиялық таразыда сілтінің түйіршіктерін өлшеп стаканға саламыз, карбонаттар еруі үшін судың аз мөлшерімен 2 рет шаямыз. Қалған натрий гидроксидің өлшеуіш колбаға салып, сумен белгіге дейін жеткіземіз. Колбаның ішіндегісін стаканға аударып 0,5-1 мл. 2н. BaCl2 ерітіндісін қосамыз (карбонаттарды тұндыру үшін). Мөлдір таза NaOH ерітіндісін дайындалған ыдысқа аударып, қабылдау түтігі бар тығынмен жауып, натрон әк пен толтырылған ыдысқа жалғаймыз (көмір қышқыл газының әсерінен сақтау үшін).

2- тапсырма
100мл 0,1н. Ерітінді дайындау үшін щавель қышқылының Н2С2О4Н2О массасын табу.
а) тапсырманы есеп ретінде жазындар;
б) щавель қышқылының г-экв есептеңдер;
в) навесканы есептеп табу
г) ерітіндінің дайындалуы

3-тапсырма

0,1 н. щавель қышқылының ерітіндісімен NaOH-ерітіндісінің титрін табу.
Екі конус тәрізді колбаға Мор пипеткасымен 5 мл. 0,1 н. щавель қышқылын өлшеп алыңдар. Екі колбаға да 1 тамшыдан фенолфталеин ерітіндісін тамызындар. Сілті ерітіндісімен қызғылт түске боялғанша титрлендер. Түс 30 секундқа деін жоғалмау керек. Берілген шамаларды және титрлеу қорытындысын есеп ретінде жазып, есептеу жүргізіндер.
<

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: