Ұйымдастырылған оқу-әрекетінің
технологиялық картасы
ІІ кіші тобы "Көбелек"
Білім саласы: "Таным"
Кіші сала: Жаратылыстану
Тақырыбы: "Тимурға жолдан өтуге көмектесейік"
Мақсаты:Балаларды екіге бөлінген жолмен таныстыру. Көлік жүретін жол мен жол жиегіндегі-тротуар жолдарымен таныстыру. Бағдаршамның түстерімен бекіту,қай түс қандай белгі беретіндігін анықтау.
Жол жүру ережелері туралы түсінік беру.
-Жаяу жүргінші тротуарлармен
-Балалар жолдан ата-аналарының көмегімен
-Жаяу адам көлікті аялдамада күтеді
-Көлік ішінде ешкімге кедергі жасамай, тәртіп сақтау.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің қызметі
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Балалар сендер балабақшаға қандай көліктермен келесіңдер?
Машинамен, автобуспен келетіндіктерін айтады.
Ұйымдастырушылық ізденіс
Тақтадаң жол ережесіне байланысты арнайы дайындалған сюжетті көрсетемін.
-Балалар біз бүгін Тимурға жолдаң қалай өту керек екендігін көрсетеміз.
Жол бойында бағдаршам орналасқан,жаяу жүргінші өтетін ақ жолақты жолдар. Өзім жүргізушінін ролін ойнай жүріп, балаларға Тимурды жолдан өтуге көмектесемін.
Бағдаршамда қызыл түс жанғанда не істейміз?
Ақжолақты түстер нені білдіреді?
Аялдамалар не үшін қажет?
Көлік ішінде балалар қай жерде отырады?
Жол ережесіне байланысты бір өлең жаттаймыз.
Сурет бойынша әңгіме құрастырдық.
Тимурға жолдан өтуге көмектеседі.
Тоқтаймыз.
Адамдар қиылыстарда ақырын жүріп өтетін жол
Бір көзім-кідір дейді,
Бір көзім-жүгір дейді,
Бір көзім-абайла дейді.
Рефлексивті-коррекциялау
Бағдаршамның қандай көзі жанғанда тоқтаймыз?
Бағдаршамның сары түсі жанғанда не
Страницы: 1 | 2 > >>