НА ТІЛІМ, КҮМБІРЛЕ САРАЙЫМДА!
Тілін білген Абылай, Абайым да,
Құдырет берген ана тіл талай ұлға.
Қасиетті сол тілдің арқасында
Ерікті ел боп алысқа қарайын да.
Ана тілім, күмбірле сарайымда!
Тағдырым, даралама тілден мені,
Тіл - елмен қауыштырар іргемдегі.
Тіл - елмен табыстырар алыстағы,
Аспандатар жердегі жүрген мені.
Тілмен өрлер мерейім өрлесе де,
Тілсіз бақытын басынан ел кешер ме?
Тілер едім таусылса ақтық демім,
Жерлеңдер деп тілменен жерлесең де . . .
Ерекше бір сән беріп көшке бүгін,
Келе жатыр жаңғырып өшкен үнім.
Ана тілім рухымды көтереді,
Самал тербеп тұрғандай текше гүлін.
Өмір кешіп басынан ала құйын,
Жат жерінде күңіренткен дара күйін;
Атамекен,
Аңсаған Ана тілін,
Арманда өткен Мысырда Фарабиім! . .
Көме түсіп көкірекке кекті мұңын,
Жетпіс жылды өңгеріп өтті күнім.
Ана тілмен жазған ғой Мұса Жалил
Түн - түрмеде отырып отты жырын . . .
Ана тілсіз тарих та жасалмайды,
Ана тілсіз іс өрге баса алмайды.
Желмаяның үстінде желіп жүріп,
Күңіренбеген тектен-тек Асан Қайғы
Тілін білген Абылай, Абайым да,
Құдірет берген Ана тіл талай ұлға.
Қасиетті тілімнің арқасында
Ерікті ел боп алысқа қарайын да.
Ана тілім, күмбірле сарайымда! . . Марфуға Айтхожина
Қорытындылау.
Мұғалім: "Анамыздың ақ сүтінен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту" деген Б. Момышұлы. Ана тілімізді құрметтеп, сүйе білейік Ынтымағы жарасқан халықтардың бесігі болған шуақты Қазақстанның бақытты да парасатты,білімді де еңбекқор ұл-қызы болып өсе беріңдер!
Назарларыңызға рахмет!
1. "Менің Қазақстаным" әні орындалады.
Әділқазылар
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 > >>