Tіл тұтастығы- ел тұтастығы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

сен де түзел" деп Абай атамыздың айтқан сөзін ұмытпай, естілердің сөзін ескеріп жүрсек игі еді. .
Осы кезге дейін тіл үйренгісі келмей жүрген қандастарымыз түрлі сылтау айтып жүр, ана тілімізден ат-тонын ала қашып жүр. Шынында да, 70 жыл ірі империяның бодандығында болып, әбден санамыз уланып, тіліміз бен дінімізден жұрдай болғанымыз жас ұрпақ тәрбиесіне әсер етпей қойған жоқ . Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпын, дегенмен тілі күрмеліп, ойын анық жеткізе алмайтындарды , немере - шөберелерінің былдыр - былдыр бал тілі өзге тілде шыққанына мәз болып жүрген ақсақал аталарымыз бен ақ жаулықты әжелерімізді көргенде жаным удай ашиды. Бүгінгі күні құлдық санадан арылатын кез келді. Орыс тілін білмейтін орыс бола ма екен? Қытайша сөйлей алмайтын адам бар ма екен? Әрине, ондай ой миға қонымсыз.
Менің ойымша, ана тілінде сөйлеу, әдеби шығармаларды оқу - әр жанұяның отбасылық дәстүріне айналуы керек. Сол жағдайда ғана балаларына ата-анасының тілге деген құрметі үлгі болмақ. Ұяда көргенін өмірде қолданып, ана тілінде cусындаған , танымын кеңейткен жан болашақта жеті жұрттың қамын жеп, еліміздің өркендеуіне үлес қосары анық. Әр кәсіпорында, мекемеде, түрлі ұйымдарда қызмет ететін басшылар, қатардағы мамандар өзара қазақша тілдесіп, пікір алмасып , шұрайлы тілін пайдаланып мақтан етіп жүргенде, өзге ұлт өкілдерінің тіл үйренуге, ұлттық болмысысызға деген қызығушылығын арттырып, тілімізді меңгеруіне түрткі болар еді.
Тіл ұғымы мемлекетіміздің рәміздерінің бірі іспеттес. Сүйінбай Аронұлының "Бөрілі менің байрағым" өлеңінде:
"Бөрілі байрақ көтерсе,
Қозып кетер қайдағым", -деген жолдарынан елім, жерім деп еңіреген боздақтарымыз ел басына күн туған кезде намысты қолдан бермегені баршамызға аян. Ата- бабаларынан шыққан нағыз ерлердің ерл

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: