Tіл тұтастығы- ел тұтастығы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Қостанай облысы
Қостанай ауданы
"Затобол мектеп- гимназиясы"
ММ қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Адиятова Ализа Төлепбергенқызы.
"Тіл тұтастығы- ел тұтастығы"
деген тақырыпқа мақала
Тіл тұтастығы - ел тұтастығы.
Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері күн тәртібінен түспей, көкейтесті мәселелердің бірі болып саналатын тақырып- тіл тағдыры. "Тіл туралы заң" қабылданғанмен, барлық мәселе бірден шешіле қойған жоқ. Қазіргі таңда жағдай жақсарды: мемлекеттік тілдің өндіріс, ғылым саласында кең түрде дамуына, қолданылуына барлық мүмкіндік пайда болды. Мемлекеттік тілде басылып шығатын кітаптар , әдістемелік құралдар, газет-журналдар көздің жауын алады. Қазақша радио тыңдайсың ба, әлде теледидардан бағдарлама тамашалайсың ба. . . ? Тыңдарман мен көрерменнің талғамы мен сұранысына сай сапалы дүние күн сайын көбейіп келеді.
Елбасымыз "Мәңгілік Ел- ата- бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы", - деп бекер айтпаған, өйткені Тәуелсіздікті аңсаған, еркіндікті көксеген көкірегі ояу , көзі ашық саналы азаматтарымыздың арман-тілегі- туған халқының болашағы, ел бірлігі еді.
"Көк түркінің көк семсері" атанған Күлтегін батырдың:
"Түркі халқы үшін
Түн ұйықтамадым,
Күндіз отырмадым",-деген сөзі осыған айғақ. Сол заманнан бері ақ найза ұшымен, ақ білек күшімен жерін, елін жаудан қорғап, қасық қаны қалғанша күрескен асыл ұлдарымыздың арқасында мәдениетіміз бен дәстүрімізді жоғалтпай , одан әрі дамытуға қол жеткіздік. Тіл дегеніміз - баға жетпес асыл мұра. Оның "құдіретті үнін сүйетін" , қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай туған баласындай қорғаштап, мәпелеп, дамуына үлес қосып жүрген азаматтарымыз аз емес. "Сөз түзелді , тыңдаушы,

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: