Қазақ тілі пәнінен
"Тіл мәдениеті" арнайы курсының бағдарламасы
7 сынып
Түсінік хат
Егеменді ел азаматын тәрбиелеудегі тіл мамандарының бірден бір алдына қойған міндеті - оқушыны тіл мәдениетіне байланысты теориялық білім бере отырып, оны өмірде орынды қолдана білуге баулу болып табылады.
Тіл мәдениетін қалыптастырудың жолы - тілдің халықтық қасиетін ауыз әдебиеті үлгілері, көркем әдебиеті арқылы бала бойына сіңіру. Оқыған шығармасы бойынша ойын көркем етіп жеткізуге білу де тіл мәдениетін меңгерудің бірден бір шарты. Әрбір оқушы өз халқының,ана тілінің мұрагері болуға тиісті.
Тіл тазалығына, сөйлеу шеберлігіне қазақ халқы ерекше мән берген. Ғылым-білім дегендерден алыс жүрген замандардың өзінде де тіл өнерін - өнердің өнері, "Өнер алды - қызыл тіл" деп бағалаған. Асылы, жақсы сөзді жанына азық ете білген, атқан оққа тоқталмаса да жүйелі сөзге бас иген, орнын тапқан екі ауыз сөзді ер құнымен теңестірген бір халық болса, ол қазақ халқы болар.
Жаңадан "тіл мәдениеті", "сөйлеу мәдениеті" деген күрделі ұғым-түсініктер пайда болды, кейін оның арнасы кеңейіп, өзіндік бір мақсаты бар жеке ғылымға айналды. "Тіл мәдениеті" дегеніміз мағыналық өрісі кең дүние.
Қысқасы, санай берсек, сөздің беретін ұғымы өте кең. Сондықтан "тіл мәдениеті" дегенді - "сөйлеу мәдениеті", "сөз мәдениеті" деп те айта береміз. Сөз - тілдің қолданыстағы көрінісі болса, "тіл мәдениет
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>