Тіктөртбұрыштың және шаршының ауданы. Санның квадраты

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>


Сабақтың тақырыбы: Тіктөртбұрыштың және шаршының ауданы. Санның квадраты.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: фигураның ауданы туралы білімдерін нақтылау; тіктөртбұрыштың ауданын есептеу тәсілі туралы білімдерін қалыптастыру. Дамытушылық: оқушылардың ойлау, танымдық қабілеттерін, белсенділігін арттыра отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік:шапшаңдыққа, ізденгіштікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ-жауап, есеп шығару, түсіндіру. Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, геометриялық фигуралар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
2. Психологиялық дайындық.
Терең білім аламыз,Күшімізіді саламыз.
Маңыз беріп оқимыз,
Математика пәнін біз.
3. Қызығушылықты ояту.
"Компьютер" ойынын өткізу.
26:39:64:37 (56)
4. Ой қозғау.
Кестегі өрнектердің мәнін тауып, шыққан сөзді оқу. (Геометрия)
- Біз "Геометрия" еліне саяхатқа шығамыз. Ол қандай ел екен?
- Геометрия - фигуралардың қасиеттерін зерттейтін ғылым. Ол гректің гео - жер, метрео - өлшеймін деген сөздерінен шыққан. Геометрия көне де қызықты ғылымдардың бірі. Ол адамдардың күнделікті өмір қажеттілігінен туындаған.
Біздің заманымызға дейін 2 мың жыл бұрын грек тарихшысы Иродот былай деп жазды. "Мысыр фараоны Сезострис әр Мысыр тұрғынына жер бөліп беріп, әрбір бөліктен салық алып тұрған. Ніл өзені тасығанда жер телімін су басып, оның ауданы кеміп қалатын жағдайлар болған. Мұндай кезде жердің иесі патшадан жерінің ауданын дәл есептеп, салық мөлшерін азайтуын өтінеді. " осылайша Ежелгі Мысырда пайда болған геометрия гректерге жетті.
Жүйесіз геометриялық мағлұматтарды ежелгі грек ғалымдары толықтырып, нақтылап, қорытындап, дамыта түсті.
Қандай геом

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: