Тігінші мен Ай

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақ тақырыбы
"Тігінші мен Ай"
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
2. 1. 1. 1. ауызша тіл және тыңдау-көру материалын тыңдау және қарапайым сөйлемдерді түсініп қайталау

2. 2. 2. 1. тыңдау-көру материалындағы оқиғаларды түсіну және сипаттау

2. 2. 4. 1. Оқиға желісін сақтай отырып,таныс сөздерді қолдану арқылы шынайы және ойдан құрастырылған оқиғаларды баяндау
Сабақтың мақсаттары:
Барлығы: қарапайым сөйлемдерді түсініп қайталайды.

Көбі:. тыңдау-көру материалындағы оқиғаларды түсіну және сипаттайды.

Кейбірі: таныс сөздерді қолдану арқылы шынайы және ойдан құрастырылған оқиғаларды баяндайды
Күтілетін нәтижелер:
Тақырыпқа қатысты тыңдаған материалдың мазмұнын түсінеді,қарапайым тілдік үлгілер арқылы өзі ұнататын мультфильмдер туралы айтып бере алады.
Жаңа сөздер
Не туралы? Тігінші.
Сабақта қолданылатын материалдар:
Интерактивті тақта, слайдттар, "Тігінші мен Ай" мультфильмі,үнтаспа,түрлі-түсті қарындаштар мен фломастерлер,А4 парағы,парақшалар,смайликтер.
Оқыту әдістері:
Түсіндіру, сұрақ-жауап, "Мен жұлдызбын" тренингі, "Жұптас. Ойлан. Пікірлес" стратегиясы,диалог, "Бағдаршам" тәсілі,жұптық жұмыс,сергіту жаттығуы.
Дереккөздері:
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
Тапсырмалар
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
Оқушылармен амандасып,түгендеу. Оқушыларды екі қатарға тұрғызып, "Мен Жұлдызбын" тренингін өткіземін.
Оқушылар екі қатарға тұрады. Екі қатардың ортасынан өзіне ұнайтын мультфильм кейіпкері түрінде (Алдаркөсе,Том и Дж

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: