Тепловоздардың гидравликалық берілісі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

14-ші дәріс. Тепловоздардың гидравликалық берілісі
Мазмұны: Гидроберіліс жұмыс істеу принципі. Гидроберіліс жіктелуі. Гидромуфта. Гидротрансформатор. Гидротрансформаторларға арналған жұмыс сұйықтары
1. Гидроберілісті тепловоздарында дизель қуаты тартым доңғалақтарына тұйық көлемде айналатын сұйықтық арқылы беріледі. Дизель энергияны гидравликалық сорғыға береді, ал ол өз кезегінде доңғалақтармен байланысқан гидравликалық қозғалтқыштарға (гидромуфта немесе гидрошығырлар) қысыммен айдалтын сұйықтыққа береді. Қозғалтқыштардан сұйықтық сорғыға оралады. Дизель білігі мен тепловоз доңғалақтарының арасында механикалық байланыс жоқ. Дизел білігі мен доңғалақтар арасында механикалық байланыс болмауы берілісті қатынасты реттеуді жеңілдетіп, оны белгілі аралықта сазды (плавно) өзгертеді.
Гидроберілісте энергия екі мәрте түрленеді (1-ші сурет): дизел білігінің айналу механикалық энергиясы гидросорғыларда сұйықтыққа беріліп, гидроқозғалтқыштарда қайтадан механикалық энергиясына (тепловоз доңғалақтарының айналуы) түрленеді.
2. Гидрберілістер екі түрлі болуы мүмкін: гидростатикалық (көлемді) және гидродинамикалық.
Гидростатикалық берілістерде жұмыс сұйықтықтың аз шығыны мен үлкен қысымның арқасында беріледі. Гидравликалық сорғы мен мотор көлемі мәжбүрлі түрде өзгеретін піспекті немесе роторлы-қалақты машиналары түрінде жасалады. Гидростатикалық берілістер әртүрлі қиындықтардан (үйкеліске көп күш жұмсалады, үлкен қысымнан сұйықтықтың үлкен шығыны) тепловоздарда кең түрде пайдаланбайды. Бірақ берілістің бұл түрі тепловоздар көмекші агрегаттарының жетегі ретінде пайдаланады (мысалы, ТЭП60, ТЭП70 тепловоздарының тоңазатқыш желдеткіштері).
Тепловоздарда гидродинамикалық берілістер ғана қолданады. Берілістің бұл түрінде тұйық тұрақты көлемде айналатын сұйықтықты

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: