Театрландырылған қойылымдар арқылы балалардың тілін дамыту

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тақырыбы: "Театрландырылған қойылымдар арқылы балалардың тілін дамыту"
Көкейкестілігі: Театр әр балаға қуаныш, қызық, ұмытылмас әсер сыйлайды. Балалардың эстетикалық талғамын, қиялын дамытады. Қазақ халқының өнер жұлдыздарының бірі Ш. Айманов "Театр-адамдарды туыстыратын шығармашылық отбасы, сахна өнері-тіл жетпес құдыретті өмір шындығын білу, яғни адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес"-деген болатын.
Балалар тілін дамытуда, олардың өмірге деген көркемдік көзқарастарын қалыптастыруда театрландырылған қойылымдар ерекше рөл атқарады. Балалар кейіпкерлерді ойнай отырып, олардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарын береді және ойын арқылы тілдерін дамыта отырып, адамгершілік жақсы қасиеттері қалыптасады. Сондықтан да, театр қойылымдары балабақша тәрбиеленушілері үшін маңызын еш уақытта жоймақ емес.
Қазір балабақшаларда балалармен ертегілер мен әдеби шығармаларды рөлмен ойнау, қойылымдар қою жұмыстары жақсы жүргізілуде. Дегенмен де осы жұмыстарды жүргізуде кездесетін қиындықтар мен қарама-қайшылықтар да жоқ емес. Олардың ең негізгісі қазақ ертегілерінің кейіпкерлерінің қуыршақ театрына арналған қуыршақ киімдерінің жоқтығы. Ертегілердің балалардың жас ерекшеліктеріне қарап іріктелінбегендігі. Қазақ жазушыларының балалар жасына арналған шығармаларының аздығы. Балаларға ертегіні өлең шумақ ретінде берілсе балалар тез түсініп, тез рольімен ойнар еді, тіл байлықтарыда тез молайар еді.
Мақсаты: Театрландырылған қойылымдар арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру, өмірлік оң көзқарастарын тәрбиелеу.
Міндеттері:
театрландырылған қойылымдар арқылы балалар тілін дамыту;
сөздік қорларын байыту;
ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтуға үйрету;
кейіпкерлердің іс-әрекеттері

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: