Білім беру саласы: Әлеуметтік орта, қатынас, денсаулық.
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру, орыс тілі, дене шынықтыру.
Тақырыбы: «Тазалықты сүйеміз, тіс тазалап жүреміз.
Мақсаты: Тіс туралы түсінік беру. Балаларға тіс тазалығы, оның қасиеттілігін, пайдасын түсіндіріп айту. Суреттер арқылы әңгімелеу. Балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа, жеке басының гигенасын сақтауға тәрбиелеу.
Билингвалдық компанент: зубная щетка- тіс щеткасы, зубная паста- тіс пастасы,яблока-алма, зубы-тіс.
Қолданылатын көрнекіліктер: суреттер, тіс пастасы, тіс щеткасы, конфеттің сырты.
Іс – әрекет кезеңдеріТәрбиешінің іс әрекетіБалалардың іс -әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылықСалеметсіңдер ме балалар. Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше сабақ. Бізге бүгін қонаққа ата – аналарымыз келіп отыр. Қане шеңберге тұрып қонақтармен амандасайық.
Жадыраған күндейміз,
Жайнап өскен гүлдейміз.
Жарқырасын даламыз,
Жарқырасын қаламыз.
Сәлеметсіздер ме, жарқын жүзді қонақтар!
Балалар жарты шеңберге тұрып қонақтармен амандасады.
Ұйымдастыру- іздестіруЕсік қағылады.
Балалар есікті біреу қаққан сияқты, кім келгенін қарайық.
(есіктен қоян кіреді)
Сәлеметсіңдер ме балалар, мен сендерге қонаққа келдім.
Сәлеметсің бе қоян сенің қолыңдағы не?
Ой, конфеттің қабығы ғой.
Тісім менің ауырып тұр деп жылайды.
Балалар айтыңдаршы қоянның тісі неге ауырып тұр?
Ия дұрыс айтасыңдар, енді қоянға тісті қалай күту керектігін айтып береміз бе?
Балалар тісіміз сау болу үшін мына ережені есте сақтайық.
Тісті күніне екі рет тазалау.
Тамақтан соң ауызды шаю.
Ыстық тамақтан соң суық су ішпеу.
Қатты заттарды тіспен шақпау.
Тәттіні көп жемеу.
Тіс дәрігеріне жиі коріну.
Әркім өзінің жеке тіс щеткасын пайдалану.
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>