Таза ауамен демалайық

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

«Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің 2 мектеп-лицейі»ММ
Қазақ тілі пәнінен «Таза ауамен демалайық» атты тақырыптағы ашық сабақ жоспары.
Өткізуші: Таткенова Гүлбану Хайдарқызы
Қостанай қаласы 2 мектеп лицейінің қазақ тілі мен әдебиетті пәнінің мұғалімі.
Қостанай қ. – 2016ж.
Сабақтың тақырыбы: Таза ауамен демалайық.
Сабақтың мақсаты: Таза ауамен демалайық тақырыбы бойынша мәлімет беру; Жер-ана,Қоршаған ортаны қорғау,қорықтар туралы тапсырмалар орындау арқылы білімдерін бекіту.
білімділік – оқушылардың сөйлемдегі сөздердің мағыналық ,тұлғалық жағынан өзара байланысын түсіндіре отырып , таза ауа болу үшін – қоршаған ортаны қорғау әр адамның міндеті екенін түсіндіру ;
дамытушылық – сөйлем ішіндегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы таба білу, сөйлемді дұрыс құрай алу дағдыларын арттыру . Тілдерін, сөйлеу мәдениетін дамыту;
тәрбиелік – мақал-мәтелдер аркылы сабақтың тәрбиелік мәнін ашу. Оқушыларға сабақ барысында адамгершілікке,қоршаған ортаны қорғауға,табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: әңгімелеу, қайталау, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, тіл дамыту, аударма, топтастыру, синквейн, грамматикалық тапсырма.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Сыныптағы оқушыларды түгелдеу, келмеу себебін сұрау, білу.
3. Оқушылардың қөңілін сабаққа ыңғайлау.
4. Тіл дамыту сәтін өткізу.
II. Жаңа сабақтың тақырыбы мен өту барысын талқылау.
Кіріспе: -Сәлеметсіңдер ме балалар!
Сәлем!
Сәлем деп амандасамыз қолымызбен!
Сәлем деп қараймыз көзімізбен!
Сәлем деп айтамыз аузымызбен!
Сәлем деп бас иеміз!
Орнымыздан тұрамыз,шаттық шеңберін құрамыз. Бүгін бізде ерекше сабақ. Біздің сабаққа қонақтар келіп отыр. «Қош келдіңіздер!» дей отырып,

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: