Тас дәуіріндегі Қазақстан
Сабақтың мақсаты: Тас дәуірі бойынша алған білімдерін қайталау, нақтылай түсу, пысықтау. Тас дәуірінің археологиялық ескерткіштері табылған жерлерді картадан көрсете білуге жаттықтыру, туған жердің тас ескерткіштері туралы түсініктерін кеңейту. Елжандылыққа тәрбиелеу. 
Көрнекіліктер: "Тас дәуірі" тірек - сызбасы, карталық парақшалар, суреттер, деңгейлік білім кестесі, мониторинг сызылған кесте, қыш құмыралар, қыш тастар. 
Әдіс - тәсілдер: сұрақ-жауап, ішінара ізденіс әдісі, деңгейлік әдіс, тірек-сызба әдісі. 
Сабақ түрі: ішінара ізденіс енгізілген қайталау сабағы. 
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру. 
а) оқушыларды сабаққа дайындау;
ә) сабақтың өту барысын әңгімелеу;
ІІ. Кіріспе. "Тас дәуірі" тірек сызбасын сипаттау. 
 Алғашқы әдет, археологиялық
адамның дамуы наным-сенім ескерткіштер
еңбек құралдары ТАС  шаруашылығы,
 ДӘУІРІ кәсібі
 
Қоныстанған Тарихи табиға
аймақтары шеңбері жағдайлары
ІІІ. Негізгі бөлім: деңгейлік тапсырмалар. 
а) Алгоритімдік деңгей - ұққанын есте сақтауы арқылы айыра білу. 
ә) Оқушылық - мұғалім сұрақтарына жауап беру. 
б) Эвристикалық - ішінара ізденіс, археологиялық ескерткіштер табылған жерлерді таба білу, картамен жұмыс жасай білу. 
в) Шығармашылық - іздену, тарихи оқиғаны ойда сәулелендіру арқылы ауызша жүйелі әңгімелеу. 
1-деңгей. Кестемен жұмыс. 
Кесте толтыру. 
 Дәуір
 Адамдар дамуы
 Еңбек құралдары
 Шаруашылығы, кәсібі
 Тарихи шеңбері
 Ежелгі тас дәуірі
 Ерте палеолит
 Орта палеолит
		
		
Страницы: 1 | 2  >  >>
		
		
	    
	
    