Тарихтың қайнар көзі – деректер

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: 2. Тарихтың қайнар көзі – деректер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тарихи дерек дегеніміз не, оның түрлері, олар қалай пайда болады. Археология, этнография ғылымдары нені зерттейтіндері, олардың тарих ғылымын терең меңгерудегі маңызы туралы білім беру.
Дамытушылық: Оқушыларды өз ойларын жеткізіп, пікір айтуға бейімдеу, ойларын қорытындылап салыстыра білу дағдысын қалыптастыру. Өткен сабақтың материалдарымен байланыстыра отырып, деректердің ерекшелігі мен айырмашылығын, ұқсастығын айырып таба білу сияқты ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Тарих пәнінің салаларының тарихты жазудағы маңызын түсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті.
Пән аралық байланыс: география, математика, әдебиет, бейнелеу.
Көрнекілік:
Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған ежелгі қалалардың суреттері (Бұзоқ қаласы, ежелгі Сарайшық, т. б. )
Тас бетінде жазылған ежелгі жазулардың суреті (Құлтегін, Тоныкөк, т. б. )
«Ежелгі Қазақстан картасы»
Плакатқа салынған кестелер
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын сұрау. Үй тапсырмасын өз еріктерімен айтып бергісі келген 1-2 баладан сабақ сұрап, қалған балалармен жалпы әңгімелесу түрінде өткізуге болады. Ол үшін:
«Тарих қандай мағын білдіреді?»
Оны алғаш пайдаланған кімдер?
«Тарих атасы» деп кімдерді атаймыз, неліктен? – деген сұрақтарды қоямын. Тарих пәнін оқып-білу не үшін қажет деген сұрақтар бойынша оқушылардың өз ойларын айтқызып қорытынды жасай білуге үйрету қажет. Алғашқы сабақтан бастап балаларға «тарихи тілмен» сөйлеуге бейімдеу. Тағы айта кететін маңызды мәселе – үйге берілген жазбаша тапсырмаларды міндетті түрде алғашқы сабақтан бастап жүйелі түрде тексеріп отыру. Бұ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: