5-сынып.
Сабақтың тақырыбы : 1. Тарих пәні, тарих ғылымы туралы
Сабақтың мақсаты:
"Қазақстан тарихы бойынша әңгімелер" курсының мазмұны мен маңыздылығымен таныстыра отырып, тарих ғылымының жалпы ғылым ретінде қалыптысу тарихымен таныстыру.
Қоғамдық ғылымдардың ішінде тарих пәнінің ұлттық қасиетті танытудағы өткенді саралап, болашақты бағдарлауда әрбір адам үшін қажетті екендігінің мәнін ашып көрсету.
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : әңгімелеу, талдау, сұрақ жауап
Пән аралық байланыс : география, математика, әдебиет, бейнелеу.
Көрнекілік: карта, сызба, суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
:: Сәлемдесу, оқушы көңіл күйін бақылап, жаңа оқу жылымен құттықтап, оқу құралын тексеріп түгендеу.
:: Оқушы зейінін сабаққа аудару
Сабақтың алғашқы кезеңін әңгіме түрінде өткізге отырып, қалған бөлігінде оқушыны оқулықтың құрылымы және мазмұнымен , оқулықтың сыртқы мұқабасының мағынасын түсіндіріп, авторларын жазғызып қою. Оқулықта берілген, арнайы ерекшеленген даталар, анықтамалар, шартты белгілерге оқушының назарын аудару.
Оқулықта берілген Қазақстан Республикасының ән ұранының мәтінімен таныстырып, әр адамның өз Отанын, әнұранын жатқа білу Отан алдындағы парызы деп оқушыны туған жерді, елді сүюге, құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың жоспары:
1. Тарих ұғымы, тарих пәні.
2. Тарих ғылымының қалыптасып, дамуы.
3. Тарихты оқып, білу не үшін қажет?
4. Қазақстан тарихынан әңгімелер пәнінің құрылымы.
Жоспар бойынша 1-тақырыпшаны оқушыға мазмұнына қарай абзац бойынша оқытып, оның мазмұнын айтқызамын.
Тарихтың қалыптасып, дамуы тақырыпшасында оқушының көңілін "шежіре", "тарих атасы" деген жаңа сөздерге аударып, тек батыста ған
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>