а емес, ертеде қазақтарда да ауызша тарих айту дәстүрінің болғандығының, ол ұрпақтан-ұрпаққа сөз бен жадтың нәтижесінде жеткендігін атап айтады. Қазақ шежіресінде "Атамыз Алаш, керегеміз "ағаш" деген сөздің мағынасы туралы әңгіме қозғайды. Геродот сияқты Батыс әлеміне танымал тарихшылармен қатар Шығыста Сыма-Цян, Рашид-ад-Дин сияқты тарихи тұлғалардың болғанын айтып, оқулықтағы олардың суреттеріне оқушылардың назарын аударту. Алғашқы сабақтардан-ақ карта мен жұмыс дәптерін бастату. Қарапайым нысандарда болса да, алғашқы сабақтардан балаларды картамен жұмыс істеуге үйретеді. (Жұмыс дәптеріне алғашқы тақырыпты жазғаннан бастап, осы сабақта өткен мына сөздерді жазып алады. ) Бұлар "Шежіре" - еста сақтау, жадыдағы білім, рухани қазына. "Батыста тарих атасы - Геродот, Шығыстың тарих атасы - Сыма-Цян" деп жазып қояды. Жоспардың 3-тақырыпшасы бойынша оқушыладың өзіне "Тарихты оқып білу не үшін қажет?" деген сұрақ қоя отырып, оқушылардың оқулықтығы мәтіннен тарихтың не үшін керектігін өздеріне тапқызып, бір-екі балаға дауыстатып оқыту. 4-ші тақырыпша бойынша Қазақстан тарихынан әңгімелер оқулығының мазмұны мен құрылымының ерекшеліктеріне оқушылардың көңілін аударып барлық курстың басты тарихи оқиғаларын әңгіме түрінде өтетіндерін түсіндіру. Алғашқы сабақтан сабақта онша белсенділік көрсете қоймаған оқушыларға баса назар аударуы қажет.
Қорытынды.
Осылайша сабақты әңгіме түрінде өткізіп шығып былайша қорытындылаймын. Тарих сабағы сендер аса назар аударып аңғарсаңдар өте қызықты пән. Сондықтан әр сабаққа тыңғылықты дайындалып отырсаңдар ғана сендер өздерің бұрын-соңды білмеген қызықты әңгімелерді біліп, оқып шығатын боласыңдар. Тарих - ең көне ғылымдардың бірі, соған қарамастан бүгінде оның маңызы зор және ешқашан жайылмайды
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>