8сынып Математика 
Математикадан сыныптан тыс іс-шара "ТАПҚЫРЛАР ТАРТЫСЫ"
Математикалық сайыстың мақсаты:
1. Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу. 
2. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру. 
Қатысушылар: 8 А және 8 Ә сынып оқушыларынан 2 команда 
(6 оқушыдан). 
Командаға қажетті құралдар: 
:: Қатысушылардың аты-жөні жазылған бейдж
:: Командаға ат ойлап табу,капитанын сайлау. 
Ойын ережесі: 
Ойынға 6 оқушыдан 2 команда қатысады. Әр команданың мақсаты көбірек ұпай жинау. Турларда әр сұрақтың өз бағасы болады, ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Егер команда дұрыс жауап берсе, онда келесі сұрақты олар таңдайды. 
Команда мүшелері математикаға, математика тарихына байланысты,жадыны дамытуға, ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты сұрақтарға жауап берулері керек. 
С Ц Е Н А Р И І
- Қайырлы күн қымбатты қонақтар,әділ қазылар алқасы және ойынға қатысушылар! 
- Сіздерді бүгін осы залда көріп отырғанымызға өте қуаныштымыз. 
- Біздің бүгінгі мақсатымыз математика пәнінің өте жауапты екендігін біле отыра,сандардың ғажайып әлеміне ойша саяхат жасап,оның байлығын көре білу және мүмкіндігінше оқушыларды қызықтыра білу. 
- Бүгінгі ойынға қатысушы командалармен танысуға рұқсат етіңіздер. 
- Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар 
ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып, 
берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің 
керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларың қажет. 
- Математикалық сайыс-бұл еңбек. Сондықтан сайыс кезінде өте 
ұқыпты, ойларың жинақталған болу керек және тәртіп 
сақталғаны жөн. 
- Ал, командалар дайынсыңдар ма? Әділ қазылар ал
		Страницы: 1 | 2 | 3 > >>
