Тапқыр достар

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9 | 10  >  >>

Осы қағаздан өрнекті әдемілеп қиып шығу керек. Басқа қолдарыңмен көмек берілмейді. Ең жоғары ұпай - 5, уақыттарына қарай ұпай саны кеміп отырады.
Әдемі әуен қойылады.
4-айналым. "Тапқыр болсаң, тауып көр". Әр сынып мына жердегі әріптердің біреуін таңдап алу қажет. (Әріптер таңдап алынады). Айналымның шарты - берілген сұраққа таңдап алған әріптен басталатын сөздермен ғана жауап беру керек. Ол нақты және тапқырлықпен берілген жауап болу керек. Мысалы: М - әрпін таңдатып, бір мұғалімге ойнату арқылы түсіндіру. (Әріптер Б,С,А,Е,Т)
Қорытынды:
Жарайсыңдар барлығың да өренім,
Асып - тасып төгілді ғой кемелің.
Риза болды қатынасқан көрермен,
Сайыстағы бар қызықты көргендер.

- Шәкірттерім менің! Алдағы уақытта да ерінбей, жалықпай оқуды оқып, ойымызға тоқып жүрелік. Білімді болыңыздар! Осыменен сайыс аяқталды.



Тақырыбы: "Тапқыр достар"
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Көрнекі іс-әрекеттік, сөздік-логикалық,ойлау әрекеттерін дамыту, ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастыру. Оқушыларды шапшаңдыққа, икемділікке, ұжыммен жұмыста ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, белсенділікке тәрбиелеу.
Түрі: интеллектуалды ойын
Әдісі: топтық, көрнекілік, сұрақ-жауап, сөздік
Ұйымдастыру кезеңі: Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі 3-сыныптар арасында өткелі отырған "Тапқыр болсаң, талас жоқ" атты сайысқа қош келдіңіздер.
Шын жүйріктер сыналады жарыста
Жарыстың ба орта жолда қалыспа
Әділқазы бағалайды сіздерді
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?- деп бүгінгі сайысмыздың әділ қазылар алқасымен таныс болайық:
Оқу ісінің меңгерушісі: Садыкова Қаламқас Амангелдиновна
Бастауыш сынып мұғалімдері: Дакенова Шолпан Жұмажановна

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9 | 10  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: