Тақырыбы: "Тапқыр достар"
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Көрнекі іс-әрекеттік, сөздік-логикалық,ойлау әрекеттерін дамыту, ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастыру. Оқушыларды шапшаңдыққа, икемділікке, ұжыммен жұмыста ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, белсенділікке тәрбиелеу.
Түрі: интеллектуалды ойын
Әдісі: топтық, көрнекілік, сұрақ-жауап, сөздік
Ұйымдастыру кезеңі: Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі 3-сыныптар арасында өткелі отырған "Тапқыр болсаң, талас жоқ" атты сайысқа қош келдіңіздер.
Шын жүйріктер сыналады жарыста
Жарыстың ба орта жолда қалыспа
Әділқазы бағалайды сіздерді
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?- деп бүгінгі сайысмыздың әділ қазылар алқасымен таныс болайық:
Оқу ісінің меңгерушісі: Садыкова Қаламқас Амангелдиновна
Бастауыш сынып мұғалімдері: Дакенова Шолпан Жұмажановна, Искакова Арайлым Кайратовна
Сайысқа қатысушылар: 3 сынып оқушылары:
Ал енді сайысымыздың жоспарымен таныс болыңыздар:
1-айналым. "Білімді болсаң, байқап көр"
2-айналым. "Ойлы болсаң, ойлап көр"
3-айналым. "Жүйрік болсаң, озып көр"
4-айналым. "Тапқыр болсаң, тауып көр"
5-айналым. "Сөз ойла, тез ойла"
- Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер - деп білім сайысымыздың бірінші айналымна кезек береміз.
1-айналым. "Білімді болсаң, байқап көр" Әр топқа зымыран сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі. Уақыты - 30 секунд
1. "Өнер білім бар жұрттар" кімнің өлеңі? ( Ы. Алтынсарин)
2. "Қырдан келген жас қазақ" мәтінінде кім туралы айтылған? (Ш. Уәлиханов)
3. 87
4. 81:9
5.
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>