ТАНЫМДЫҚ ОЙЫНДАР САЙЫСЫ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

ТАНЫМДЫҚ ОЙЫНДАР САЙЫСЫ


Төменгі сынып оқушыларының табиғатқа сүйіспеншілігін көзқарастарын қалыптастыруда сыныптан тыс өткізілетін шаралардың маңызы зор. Осындай қосымша білім беру көздерінің бірі танымдық ойындарға негізделген - көңілді тапқыштар клубы. Төменде осы көңілді тапқыштар клубының "Бізді қоршаған табиғат" тақырыбында өткізілген кезекті сайысы ұсынылды. Мақсаты:
1. Оқушылардың табиғат жөнінде ой өрісін кеңейту.
2. Білімге құштарлығын, логикалық ойлау қабілетін, сөйлеу тілін дамыту.
3. Табиғатты сүйе білуге, оны қорғауға,ұйымшылдыққа, өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Табиғат туралы даналық сөздер, суреттермен сайыс өтетін зал безендіріледі.
"Біз табиғаттың иесіміз, ол біз үшін өмірге қажетті мол байлықтың көзі. Балыққа - су, құсқа - ауа, аңға - орман және тау. Ал адамға - Отан қажет. Табиғатты қорғау - Отанды қорғау деген сөз" деп тамаша жазушы, табиғатты сүюші Михаил Пришвиннің айтқан даналық сөздерімен көңілді тапқыштар клубының "Бізді қоршаған табиғат" тақырыбындағы сайысы басталды.
1. Мұғалімнің бағыттау сөзі. "Неге" деген білуге құштарлық сөз бар. Ол сөз әр кезде,әрқашанда өмірдің мәнін аңғаруда туындайды. Адамдар көп жаңалық ашқанын, әлі де аша беретініне сенеді. Жоқ, жетеді, енді мен ештеңе білгім келмейді дейтін кезеңдер болмайды. Сіз әлі еш жаңалық ашқан жоқ екенсіз,сондықтан алдымен не белгілі, не ашылды, соны білуіңіз керек. Сонда ғана сіз өзіңіздің "неге?" деген сұрағыңызға жауап табасыз. Бұл сізге айнала қоршаған дүниені танып білуіңізге көмектеседі.
Көңілді тапқыштар клубының бүгінгі сайысынан сіздер осы "неге?" деген сұрағыңызға жауап аласыздар.
2. Команданың сәлемдесуі ( әр команда атын,ұранын, таңбаларын қорғайды).
3. Тан

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: