Күні: 04. 09. 2017ж
Пән: Өзін - өзі тану
Мектебі: Қаратөбе жалпы орта мектебі
Мұғалімі: Мурзалиев Бауыржан Жабакович
Сыныбы: 10
Оқушылардың саны:
Тақырыбы: Таным белестері
Құндылығы: Ішкі тыныштық
Қасиеттері:Жағымды ойлау, қарапайымдылық, ұстамдылық.
Мақсаты: Оқушылардың бойында адам туралы, оның дүние танымдық көзқарасы туралы жағымды көзқарас қалыптастыра отырып, ішкі тыныштық құндылығы арқылы оларға өзін - өзі жетілдіріп, өзін өзі дамыту және бағалай білу туралы түсінік беру.
Міндеттері:
1. Білімділік: Оқушыларды жағымды ойлауға баулу.
2. Дамытушылық: Оқушылардағы қарапайымдылық қасиеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұстамдылыққа, тәрбиелеу.
Ресурстар:
(материалдар, дереккөздер)
1. bilim-all. kz
2. https://kk. wikipedia. org
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
5Т - ережесі:Тәртіп. Талап. Тыныштық. Тазалық. Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.
Тыныштық сәті. "Нұрға бөлену".
-Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ -қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөлені
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>