Тамыр және тамыр бөлімдері

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

39 жалпы орта білім беретін мектеп.
Ашық сабақ тақырыбы:
Тамыр бөлімдері.
Сыныбы: 6 «Г»
Биология пәнінің мұғалімі: Сыдыкова А. С
2014-2015 оқу жылы
Ашық сабаққа өзіндік талдау
Өткізген ашық сабағым 6 «г» сыныбында өтті. Сабаққа 25 оқушының қатысты. Сынып оқушылары белсенді, жауапкершіліктері мол, білімге құштар, алғыр, қабілетті, ізденімпаз.
Алынған тақырыбым бөлімнің ішіндегі жаңа материалды игеруге бастама беретін, мазмұнын ашатын, сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай.
Жаңа материалдың көлемі мен қиындығы, мазмұны түсінікті.
Сабақтың түрі білімді меңгерту және шығармашылық сабақ болғандықтан алдыма қойған ең негізгі мақсатым, тамыр бөлімдерімен таныстырып, жаңа білім беру, ойлау қабілеттерін, біліктіліктерін жетілдіріп, түрлі көрнекі құралдар арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, шығармашылық, іздену қабілеттерін дамыту, жауапкершілікке, салауаттылыққа тәрбиелеу сияқты үш жақты үйлестілікті дұрыс ұйымдастырып, негіздеу болатын. Көздеген мақсат-міндеттеріме оқушылардың тікелей қатысуымен қол жеткіздім деп ойлаймын.
Өткізген сабағым қызықты, жаңашыл түрде өтті. Ең бастысы оқушылар өткен тақырыппен байланыс жасай отыра жаңа материалды толық игеріп, өздеріне тың мағлұматтар алды. Сынып оқушыларының әрқайсысы өздеріне өзіндік бағалау беріп, толық бағаланды. Оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамытуға барлық мүмкіндіктер пайдаланылды.
Келешекте өткізетін сабақтарымда Insert түртіп алу кестесімен жұмыс істеуді, өзіндік іздену қабілеттерін дамыту жұмыстарын, пәнаралық байланыстарды ары қарай жалғастыруды, жетілдіруді көздеймін.
Биология пәнінің мұғалімі: Сыдыкова А. С
Пән бірлестік жетекшісінің талдауы:
Ашық сабаққа 2 ұстаз қатысты. Сабақты интерактивті тақтада өткізді, мақсаты айтылды. Үй тапсы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: