Таланттарды танытуда
Қазақтың ұлы ақыны Абайдың сөзіне жүгінер болсақ: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады». Шынында, сондай қасиеттер адамның жас мөлшеріне қарамайды. Оны қазіргі таңда оқушылар арасында өткізіліп жүрген білім, ғылым додаларынан байқауға болады.
Сондай озықтар ортасында Павлодар қаласындағы қазақ-түрік лицей-интернатының химия пәнінің мұғалімі Алмас Ордабаев та бар. Ол – қазақ-түрік лицейін «Алтын белгімен» бітірген түлек. Кезінде халықаралық олимпиадаларда жүлдегер атанған. М. В. Ломоносов атындағы ММУ-ден қанат қағып, қазір өзі таңдаған мұғалімдік қызметте жүр.
Одан білім алған оқушылар қазірдің өзінде бірнеше зияткерлік сайыстардың жеңімпаздары болып отыр. Алмас Еркінұлы 2 жылдық ұстаздық қызмет жолында өз пәнін жеткіншектерге жетік меңгертіп қана қоймай, оқушылардың ғылымға деген қызығушылықтарын оята білді. Жас ұстаздың алтын бастамалары бүгінгі таңда үлкен белестерді бағындырып, қазақ-түрік лицейінің абыройын асыруда.
尀$摧èༀ«Менің оқушыларым – менің тынымсыз еңбегімді ақтаған таланттар. Мен өз оқушыларымды мақтан тұтамын. Менің қол жеткізген жетістіктерімнің негізгі иелері солар», – дейді Алмас.
Сондай оқушылардың бірі – Қабылда Әділ. Ол өткен оқу жылында облыстық, республикалық білім олимпиадаларында І, ІІ жүлделі орындарды иеленсе, Мәскеуде өткен халықаралық 48-ші
Менделеев химия олимпиадасына қатысып, 16 елден келген 100 оқушы арасынан топ жарып күміс медальды жеңіп алды. Бұл оның халықаралық олимпиададағы үшінші жүлдесі. Қазіргі таңда М. В. Ломоносов атындағы ММУ-дің алдыңғы қатарлы студенттерінің бірі.
Шығармашыл ұстаз Алмас Ордабаев барынша жоғары жетістіктерге жету үшін оқушыларға қолайлы орта жасауға тырысады. Алдағы мақсаты: дарынды балала
Страницы: 1 | 2 > >>