Э. Жакипова . 40 орта мектеп
мектепалды даярлық тәрбиешісі.
Шу қаласы
Білім беру саласы : Шығармашылық.
Оқу іс-әрекеті: Мүсіндеу.
Тақырыбы: Табиғи материалдармен жұмыс. Құстар.
Мақсаты: Балаларды табиғи материалдармен таныстыру,олармен жұмыс жасаудың алғашқы дағдыларын қалыптастыру. Ермексазды пайдалану,оны табиғи материалдармен . толықтыру,құстардың бейнесін жасату. Жұмыс орнын таза ұстау,ұқыптылыққа тәрбиелеу. Еңбек дағдыларын қалыптастыру.
Керекті құралдыр: Табиғи материалдар: үйеңкі жапырақтары,бұтақтар,шырша бүрлері,жаңғақтар,т. б. Ермексаз (сазбалшық), тақтайша,құстар бейнесінің үлгісі (торғай,қораз) т. б.
Әдіс тәсілдер: Ермексазбен табиғи материалдарды біріктіру жолдарын көрсету,түсіндіру. Әңгімелесу,табиғи материалдардан жасалған үлгіге талдау жасап,құстардың денесінің жолдарын көрсету. Сұрақ-жауап.
Шаттық шеңбері:
Қуан шаттан,алақай,
Қуанатын келді күн,
Қайырлы таң,қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
Тәрбиеші:
- Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалардың жауабы.
- Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
Балалардың жауабы.
-Күз екенің қалай білуге болады?
Балалардың жауабы.
-Күздің қандай белгілерін байқадыңдар?
Балалардың жауабы.
-Қандай айлар күз мезгіліне жатады?
Балалардың жауабы.
Тәрбиеші:
- Балалар,мен сендерге жұмбақ жасырайын,шешуін табыңдар.
Балалармен достасып,
Жазда бақты қорғайды.
Күзде кетер қоштасып,
Кім біледі. . . . (торғайды)
Бұрап қойған сағаттай,
Айқайлайды таң атпай.
(Әтеш)
Сергіту сәті:
Таң атты,күн шықты
Аспанды бұлт жапты
Жаңбыр жауды
Найзағай сарт-сұрт етті,
Біз бұға қалдық.
Тәрбиеші:
Балалар біз бүгін а
Страницы: 1 | 2 > >>