Тәрбие сабағының тақырыбы: "Табиғатты таза сақтайық!" -11 сынып
Тәрбие сабағының мақсаты:
1. Білімділік: оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту;
2. Дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру
3. Тәрбиелік: табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу,экологиялық тәрбие беру, Табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу;
Көрнекі құралдар: интерактивті тақтаға әзірленген слайдтар, табиғат туралы нақыл сөздер, өлең шұмақтары, қабырға газеті, гүлдер, суреттер, "Өзін-өзі тану"бағдарламасы бойынша дайындалған видеокөрсетілім.
Тәрбие сабағының түрі: дәстүрлі емес саяхат түріндегі сабақ
Тәрбие сабағының типі: жаңа білім беру
Тәрбие сабағының әдісі: әңгімелеу, түсіндіру,сұрақ-жауап,тілек айту,пікірлесу, шығармашылық жұмыстар
Тәрбие сабағының құрылымы: І бөлім
І. Ұйымдастыру : кезекшінің мәліметі
ІІ. Тәрбие сабағының тақырыбын айтып, мақсатын хабарлау;
ІІІ. Табиғат дегеніміз не?(саяхат-шолу)
Сергіту сәті: "Мейірімділікті табиғаттан үйрен!" -"Мейірімді жүрек" ойыны
IV. Ой-толғау
а) "Табиғатқа саяхатқа шыққанда . . . "
ә) " Егер табиғатқа тіл бітсе. . . "
б) "Егер мен суретші болсам. . . "
V. "Жүректен жүрекке" табиғатқа тілек айту
VI. Сабақты қорыту:Ән шашу "Табиғатым"
ІІ бөлім Сабақтың барысы: (Оқушылар дөңгеленіп отырады,орталарына әдемі гүл шоқтары қойылған)
І. Ұйымдастыру кезеңі: (5мин. ) Қайырлы, күн, балалар!Күнде таңертең сендер ояна салысымен,терезені ашып,Табиғат-Анаға көз салып,қарайсыңдар. Дәл бүгінг
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>