Табиғатты таза сақтайық

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

. Бірақ, сол ауамыз қаншалықты таза екеніне ешкім толық жауап бере алмайды. Өзіміздің Семей қаламызды алып қарасақ, қаланың үстінен қою бұлт сияқты тұманды көреміз. Автокөліктен, завод,фабрикадан шыққан түтіндер ауамыздыбұзады. 1949 жылдардан бастап Семей даласында ядролық қару жарылып, сол газдар ауаны улады. Сол ауамен дем алған қаншама адам ауруға ұшырады. Адам табиғатты ренжітсе,өзіне-өзі қастандық жасады деген сөз. Саяхатқа шықсаңдар,қоқысты шашпау керек,айналадағы гүлдерді жұлмай,ағаштардың бұталарын сындырмау керек!Табиғат - дем ал деп ауаны сыйлады, өйткені ол өте мейірімді.
Мұғалім: Иә, балалар, ауасыз өмірді елестету мүмкін емес. Ал тіршілікті сусыз елестету мүмкін бе?
ІV слайд Ендігі екінші аялдамамыз "Тіршілік көзі - су" деп аталады. Судың қаншалықты маңыздылығы бар екен? Не айтасыңдар?-1 мин.
Табиғаттың тіршілік көзі - су. Біздің елімізде көп өзендер, көлдер ,теңіздер бар. Осы мол суды өлшеусіз, есепсіз пайдалану- судың азаюына әсер етті. Мысалы, Арал теңізіне Сырдария өзені мол су әкеп қоректендіріп отырды. Кейінгі уақытта осы өзен суын көп мөлшерде күріш, мақта өсіруге пайдаланды. Соның салдарынан Арал теңізінің суы азайып, тартылып қалды. Ал Каспий теңізі мұнайдың қалдығымен ластанып, балықтар улануда. Бұл адам қолымен жасалған қатыгездік деп ойлаймын. Көп жерлерде ауыз су жеткіліксіз. Су - табиғаттың жаны, қара жердің сәні . Суды ластамай,лайламай ,таза ұстау керек!
Мұғалім:Ал табиғатты әдемілікке бөлеп тұрған не? Ол - өсімдіктер.
V слайд Келесі үшінші аялдамамыз:"Табиғат байлығы - өсімдіктер" деп аталады. -1 мин.
Табиғат байлығының бір тобы - әдемі өсімдіктер. Өсімдіктер, ағаштар табиғатымызды түрлендіріп тұрған түкті кілем сияқты. Өсімдіктерге қамқорлық жасау керек. Табиғат жойылса,тіршілік те жойыл

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: