Табиғатты қорғау

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақтың тақырыбы: Табиғатты таза сақтайық. Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Табиғат адамзаттың еңбек етіп, өмір сүретін ортасы екендігін түсіндіру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың қоршаған орта, табиғат жайлы білімдерін кеңейту, табиғатқа деген жанашырлықтарын арттыру. 3. Тәрбиелік: Табиғаттың байлығын бағалай білуге, табиғатты сүюге, туған жер табиғатын қорғауға, аялай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ой қозғау, топпен жұмыс Түрі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Көрнекілік: Дидактикалық үлестірме материалдар, тест жұмысы (жапырақтар) мақал - мәтел жазылған плакат Пәнаралық байланыс: Ана тілі.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру. Сабақ тақырыбын, түрін, мақсатын, өту барысын хабарлау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру және өткен тақырыпты қайталау.
Психологиялық дайындық:
1. Ой қозғау. "Табиғат сұлулық мекені"- деген видео бойынша оқушылар сабақтың тақырыбы өздері ойлап табады. /1слайд/
2. Сабақтың тақырыбын-кілтін шығарып аламыз да тақтаға ілеміз.
Қызығушылықты ояту:/2 слайд/ Мұғалімді тыңдаймыз.
- Ал балалар, қазір қай жыл мезгілі? (Күз)
- Күз айларын атап беріңдер. (қыркүйек, қазан, қараша)
- Бүгін қай күн?
- Дұрыс жарайсыңдар! Балалар күз мезгілінде болып жатқан өзгерістерді байқап жүрген шығарсыңдар. - Иә, дұрыс, күн суып, жапырақтар сарғайды.
Шаттық шеңбері: /3 слайд/Балалар, біздің асыраушымыз да, панамыз да Табиғат - анамыз. Олай болса сабақты Табиғат - анаға тілек айтудан бастайықшы.

Балалар кезекпен тілек айтып шығады: /4 слайд/
Табиғат - анамызтаза болсын
Табиғат - анамыз көркем де сұлу болсын
Табиғатымызұзақ жасасын және т. б

Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім.
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: