Табиғат тағдыры-адам тағдыры

Страницы: 1 | 2  >  >>

Табиғат тағдыры - адам тағдыры
Табиғат - әр беті терең мазмұнға толы бірегей кітап
И. Гете
Расында, адам - табиғаттың бір бөлшегі әрі ғажайып туындысы. Адам табиғатқа тәуелді. Сондықтан өзінің өмір сүріп, өсіп-өнетін, іс-қимыл жасайтын, аяулы армандарын жүзеге асыратын ортасы, күнкөріс көзі болып табылатын табиғатқа адамның қалай болса, солай емес, аялай, есіркей қарауы - оның перзенттік міндеті. Бірақ біз табиғатты аяламадық, қорғамадыұ. Оның орнына табиғатқа үстемдік жүргіздік, билік еттік. Бұл туралы атақты табиғат зерттеушісі, ғалым И. В. Мичурин: "Біз табиғаттан рақымшылық күтіп отыра алмаймыз, оның бермегенін күшпен тартып аламыз,"- деген еді. Шын мәнінде, біздің есепсіз қолданылып жатқан түрлі химикаттардан құнарлы жеріміз тозып, ауа мен судан таралып жатқан улы заттардан көгімізден тұз жауып жатқаны да ақиқат. Осынау сұмдықтардың бәрі іс жүзінде адамдардың өз қолымен өзіне және болашақ үрім-бұтағына қарсы жасалған зиянды әрекет екенін жоққа шығара алмаймыз. Экологиялық надандықтың салдарынан күннен-күнге хайуанаттардың, өсімдіктердің түр-түрі жойылып бара жатыр. Бүгінде дүниежүзілік проблемаға айналған "Арал тағдыры". Бір кездері суы аспанмен астасып, кемеріне сыймай тұратын шалқар теңіз бүгінде тарыла-тарыла тек жиналған құмтөбелер ғана қалған. Заманында атағы дүркіреп тұратын балықтарының 34 түрі құрып кеткен. Жүздеген осімдік түрлері де мүлде жойылып кеткен.

Арал, Балқаш трагедиясына қоса, ұзақ жылдар бойы асқан қатыгездікпен жүргізіліп келген ашық және жер асты ядролық жарылыстардан қазақ жері мен елінің шеккен зардабы мен жан түршігерлік және оның жер мен адам жанына түсірген жарақаты қаншама жылдарға созылары, тіпті жазылар не жазылмасын кім білсін?!

Бұрын тек Семейді айтып, Семей полигонын жабуды талап е

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: