ткен халық ядролық аймақтың тек Семей жерінде ғана емес, Қазақстанның басқа да жерлерінде, атап айтқанда Оңтүстік Қазақстандағы киелі Отырар топырағында да жүзеге асырылғанын естігенде тіпті сеңгіреп қалды. Енді осы бір ессіздіктің, қатыгезсіздіктің зардабы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, бүкіл бір дәуірдің қасіретіне айналмасына кім кепіл? Кім білсін?. .
Табиғатқа мейіріммен қарау, оны бүлдірмеу - адамдық міндет. Мұны біз, ең алдымен, отбасымызда ата-анамыздан, одан соң мектепте ардақты ұстазымыздан үйренуіміз керек. Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Не бір құс, не бір аң, не бір өсімдік артық емес. Сондықтан әрбір жаратылысты аялауымыз, ардақтауымыз керек. Өз ойымды Сайф Сараидың мына бір сөздерімен аяқтағым келіп отыр: "Ағаштың жемісін жеймін десең, түбіне балта шаппа!".
Страницы: << < 1 | 2