Табиғат сыйы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тақырыбы: "Табиғаттың сыйы"
Мақсаты: Туған жерге,Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,табиғаттың алуан сырларын білуге,қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу,табиғатқа деген қызығушылығын арттырып, ой-өрісін дамыту.
Балалар сырттан кіргенде іште үлкен жәшік тұрады,оның ішінде кішкентай балапан дыбысын шығарып отырады,балалар сол дыбысты естіп,жәшікті ашып балапанды шығарады. Балапан қуанып,атып шығадыда сендерге үлкен рахмет сендер мені құтқардыңдар енді мен ешкімнен қорықпаймын себебі менің құтқарушыларым бар деп шығып кетеді.
Тәрбиеші : Балалар сендер балапанды құтқардыңдар,енді білімдеріңді сынап көріңдер.
Сайысқа қатысушылар екі топқа бөлінеді және топ басшысы болады.
Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
1 кезең. Мен елімнің перзентімін (таныстыру ) топтың аты, мақсаты.
1 топ. Қызғалдақ Біз сайысқа өз білімімізді сынауға келдік.
2 топ Түймедақ Өзімізгеде қарсыласқада сәттілік тілейміз.
Жұлма бала гүлдерді
Табиғат азып солмасын
Гүлдер жердің көркі ғой
Жер көріксіз қалмасын.
2 кезең Білгенге маржан. (тыйым сөздер) сұрақ жауап.
1 топ. Орман тоғайға байланысты тыйым сөздер.
Жауабы. Ағашты кеспе,орманды өртеме,шөпті таптама.
2 топ. ауаға, суға байланысты тыйым сөздер.
Жауабы. Суды лайлама,суға түкірме,ауаны ластама,су ішкен құдыққа түкірме.
Тәрбиеші: Туған жерді аялайық бәріміз
Қамқорлықты аямайық бәріміз
Топ басшыларына сұрақ. ( Гүлдердің ішіндегі сұрақ)
1 топ. Егер сен ақын болсаң не істер едің?
Егер мен ақын болсам,елімнің ну орманын,кең даласын жырға қосар едім.
2 топ. Егер сен суретші болсаң не істер едің?
Егер мен суретші болсам қазір жиі өртеніп жүрген орманды,ластанған жерлерімізді танытар едім,сөйтіп адамға ой салып,табиғатымызды қорғауға шақырар едім

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: