ай күту керек? Аквариумда не болуы тиіс? Балдыр не үшін керек?
-Аквариумдағы балықтардың пішіні қандай? Аквариумда қандай балықтар өсіріледі?
Дұрыс айтасыңдар, балықтарға уақытымен тамақ беріп, суын тазалап отырсақ бұл да жақсылық болып табылады.
Лэпбук арқылы жәндіктердің суретін көрсету, жеке - жеке айтқызу. Билингвальді сыңарын айтқызу: көбелек - бабочка, ара - пчела, шыбын - муха, инелік - стрекоза, қанқызы - божья коровка, қоңыз - жук, құмырсқа - муравей.
Сергіту сәті: Ұзын мұртты құмырсқа
Келе жатты жұмысқа
Допты алып қолына
Қойдым оның жолына
Оң жағына қарады
Сол жағына қарады
Тау екен деп ойлады.
Ойын. "Жақсы бала қандай?"
Балалар шеңберге тұрып, жақсы іс-әрекеттерді жылдам айтып, бір-бірінің алақандарын ұрады.
Жеке жұмыс: Амина сен жақсылық жасауды қайдан үйрендің?
- Арсен сен өзің қандай жақсылық жасай аласың?
3. Қорытынды/итоговая часть:
- Балалар "Жақсылық жасау" дегеніміз не екен?
- Жақсылық жасауды қайдан үйрендіңдер?
-Біз бүгін нелерге жақсылық жасадық?
-Балалар айтыңдаршы гүлдердің бізге қандай пайдасы бар?
-Балалар біз бүгін қандай табиғат бұрышын мекендеушілермен таныстық?
-Қандай жәндіктерді білеміз?
- Ал біз өз балабақшамыздағы жануарларға қалай күтім жасаймыз?
Жарайсыңдар балалар, әрдайым бойымызға жақсы қасиеттерді сіңіріп, тұла бойымызға таратып, жүрегіміздегі жақсылыққа толтырайық. Балаларды мадақтау.
Страницы: << < 1 | 2 | 3