Табиғат ғажайыптары

Страницы: 1 | 2  >  >>



Алматы облысы Талғар ауданы
Нұра ауылы 12 орта мектептің
биология пәнінің мұғалімі
Беркутова Орынкуль Берикбаевна

Тақырыбы: Табиғат ғажайыптары
Мақсаты: оқушыларға табиғат туралы түсініктерін, білімдерін толықтыра отырып, табиғаттың тіршілігін және қоршаған ортаны қорғауға деген жоғары адамгершілік сезімі мен жауапкершілігін арттыру.

Әдісі: сұрақ - жауап, мақал - мәтел талдау, нақыл сөздер, жұмбақтар шешу және "Табиғат ғажайыптары" слайд көрсету, өлеңдер оқу

Көрнекіліктер: нақыл сөздер "Таза болсын табиғат, аман болсын адамзат", сюжетті суреттер. Мақал - мәтелдер жинағы

Сабақтың барысы:
Оқушыларды топтарға бөлу. Әр түрлі "жапырақ", "гүл", "алма" топтары
1. "Табиғат ғажайыптары" слайд көрсету
2. Оқушылардың ой-пікірлері. Әр топ жеке-жеке жауап береді.
Оқушыларға ақ парақ таратылып беріледі.
1 - топ: Табиғаттың адамға деген пайдасын жаз.
2 - топ: Табиғатты қалай қорғайсыңдар?
3 - топ: Табиғатты көріктендіру үшін не істейсіңдер?

3. Табиғат жайлы мақал-мәтелден жарыс.
1. Екпей егін шықпас, оқымай білім жұқпас.
2. Жер адамды асырайды, ана баласын асырайды.
3. Алтын жерден алынады.
Ал, білім кітаптан алынады.
4. Гүл - жердің көркі, қыз - елдің көркі.
5. Жаңбыр жауса - жер ырысы.

4. Табиғат жайлы сөзжұмбақтар, ребустар шешу
5. "Табиғатым- тал бесігім" тақырыбында постер дайындау.
6. Табиғат туралы өлең-жырлар сайысы

Мұғалім: - Табиғат қандай?
Оқушылар: - Әдемі, көркем, сұлу, қызықты.
Табиғатты ақындар жырға қосса, суретшілер қылқаламмен бейнелеген.

Қорытындылау кезеңі.
Мұғалім: Табиғатсыз адам өмір сүре алмайды екен, ендеше

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: