Сабақ күні:
Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Сызықтық алгоритмді программалау.
Сабақтың мақсаты
oo Білімділік: сызықтық бағдарламаның құрылымымен танысу, өткен тақырыптарды қайталай отырып, сызықтық алгоритмді, блок-схемасын, программасын құру дағдысын қалыптастыру;
oo Дамытушылық: есте сақтау қаблетін дамыту, теориялық білім негізін практикамен ұштастыра білуге үйрету;
oo Тәрбиелік: пәнге деген қызығушылығын арттыру, әр оқушының алғырлық, зеректік қасиеттерін дамуына жол ашу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын құрылғылар: мультимедиалық компьютерлік сынып, мультимедиалық проектор, презентация
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Біз күнделікті өмірде белгілі бір әрекеттерді орындау барысында көптеген алгоритмдерді қолданып жүрміз. Осы тұрғыдан қарағанда, өмір дегенді алда тұрған мәселелерді шеше алатын алгоритмдер жиыны деп түсінуге болады. Адам күнделікті өмірде алгоритмдер теңізінің ішінде жүзіп жүр деуге де болады. Қазырғы кезде күнделікті өңделетін ақпарат көлемінің тез өсуіне байланысты көптеген мәселелердің шешуін адам іс-әрекеттерді, яғни алгоритмді атқарушыға немесе орындаушыға - техникалық құрылғыларға, әртүрлі автоматтарға, компьютерлерге жіктеуге мәжбүр болып отыр. Сонымен, алгоритм ұғымы күнделікті өмірде кеңінен пайдаланылатын ұғымдардың бірі болып саналады. Ал біз сіздермен осы ұғымды бағдарламалау негіздері бөлімінде қарастырдық.
ІІ. Үй жұмысын тексеру. Үйде сіздер алгоритмдеу негіздерін қайталадыңыздар. Енді сіздердің алгоритмдеу негіздері бойынша білімдеріңізді тексерейік. Сонымен:
1. Алгоритм дегеніміз не? (Алгоритм - іс-әрекеттің рет-ретімен орындалуы )
2. Алгоритмнің қандай түрлерін білеміз? (сызықтық, тармақталған, циклдік)
3. Алгоритм жазу пішімі қандай?
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>