асы Әбу - р - Райхан әл Бируни. Ендеше, білім байлығы саудаға түсер аукционымызды бастайық.
Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Бүгінгі аукционымызда сауда "эврика" сөзінен алынған "эвро" атты ақша бірлігімен жүргізіледі. Әзірше әр топтың қорында 50 эвродан бар. Бұл - бастапқы капитал. Өз капиталыңызды көбейту - өз қолыңызда.
Аукционға оқу пәндері қойылады. Пән бойынша сұрақтың бастапқы бағасы - 10 эвро. Топ капитаны бағаны 10 эвродан жоғарылата алады. Ең жоғары баға ұсынылған соң сұрақ оқылады. . Егер дұрыс жауап айтылса - баға құны сол топқа беріледі. , ал қате жауап айтылса, онда топ өз капиталынан сол ақшаны қайтарады. Ескерту: егер топ қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда банкрот, өкінішке орай, ол топ аукционға қатыса алмайды.
Сонымен, "Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы", - деген ұлы ұстаз А. Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, "Білім аукционы" атты І турды бастайық.
1 лот. Ежелгі дүние жүзі тарихы. Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға - 10 евро. Қай топ жоғары баға береді?
. . . . . . . . . . тобы бір,. . . . . . . . . тобы екі,. . . . . . . . . . . тобы үш. Сатылды! Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына. . . . . . . . . эвро қосады.
Сұрағы: Әлемді адамзат баласы қаншалықты көп болғанымен, олардың сырт келбеті: түрі - түсі, шашы, көзінің түстері, бас сүйегі мен пішіні, нәсілдері бір - бірінен өзгеше болып жаратылады. Оның себебі не?
Жауабы: табиғат ерекшеліктеріне байланысты.
2 лот. Математика. (сауда жүргізіледі)
Арқандаулы ешкі қандай жердің шөбін жей алады? Жауабы: шеңбер ішіндегі.
3 лот. Ұлы тұлғалар галереясы. (Сауда жүргізіледі)
Сендердің назарларыңа ұсынылып отырған "Ұлы тұлға - бала б
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>