айық. Эксперттерден топ жауаптарын бағалап, қорытындысын айтуын сұраймыз. (Топтардың қорытынды капиталын жариялау)
ІV тур. "Сыйлықтар аукционына"
Аукционға сыйлықтар қойылады. Жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастай аласыздар. Әр лотта жұмбақ жасырылған, жұмбақтың жауабы дұрыс болса - сыйлық сіздікі. Бастапқы баға - 30 эвро. Кім жоғары баға ұсынады? /70 - ке дейін/
1 лот.
Тілі бар, үні жоқ.
Өзін адам түсінген
Жүрегі бар да, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен.
/кітап/
2 лот.
Он екі ақ парақ -
Он екі ақ қанат,
Жауабы әсем - ақ,
Сызылған тақталап.
/дәптер/
3 лот.
Ол - оқушы құралы,
Қатеңді түзетіп тұрады.
/өшіргіш/ 4 лот.
Тебеннің ұшы түйір,
Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр - шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді
/қалам/
5 лот.
Жоқ өзінде бас та,
Қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы
Тұр бойында
/сызғыш/
6 лот.
Дүниеге тұмсықсыз - ақ келеді,
Дегенменен тұмсығынан өледі.
/қарындаш/
7лот.
Күн - түн сайын жыртылдық,
Өміріміз бір жылдық
/күнтізбе/
8лот.
Бірге барып класқа,
Бірге үйіңе қайтады.
Оның бетін кім ашса,
Әр бағанды айтады.
/күнделік/
Сайыс соңында жеңімпаз топ анықталып, ойынға белсене қатысқан оқушылар марапатталады.
Страницы: << < 5 | 6 | 7