Сыныптан тыс жұмыс "Дарабоз-2015"
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар
Жүсіп Баласағұн
Түрі: танымдық сайыс
Мақсаты: оқушылардың ой-өрістерін дамыта отырып,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,табандылықпен шешім қабылдауға,оны дәлелдеуге үйрету,биология пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілік: Компьютер, интерактивті тақта, үлестірме материалдары
Ұйымдастыру кезеңі: 2 мин
Мұғалім:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! "Дарабоз-2015" атты танымдық сайысына қош келдіңіздер.
Психологиялық тренинг. 3 мин
Үлестірме материал ретінде жеміс-жидек жазылған парақтарды әр оқушы өзі таңдай отырып, оқушылардың мінез-құлқына сипаттама бердім және сол бойынша топтарға бөлдім
Алма - ақжарқын, ашық мінезді
Шие - өжет, батыл, көшбасшы қабілеті басым
Қарбыз - аңғал, аңқау мінезді
Қауын - момын, кішіпейіл
Апельсин - қатал, қайсар
Жүзім - жайдарлы, көпшіл
Сайысымыз мына кезеңдерден тұрады.
САЙЫС КЕЗЕҢДЕРІ:
І. "Ой жаттықтыру"
ІІ"Бәйге"
ІІІ. "Кім шапшаң"
ІҮ. "Ойлан тап"
Ү. "Кім өнерлі"
ҮІ. "Кім тапқыр"
І. "Ой жаттықтыру" 2 мин3 мин
Төмендегі суреттер қай ғылым саласында зерттеледі?
Динозавр - Палеонтология
Балдырлар - Альгология
Планета - Астрология
Глобус - География
Өсімдік - Ботаника
Қоңыз - Энтомология
Мұғалім:
Ағыңнан жарыл сыр бүкпе,
Жол тапқын қиын тірлікте.
Досыңа адал бола біл,
Береке басы бірлікте, - дей отырып "Бәйге" бөлімін бастаймыз
ІІ. "Бәйге" 3 мин
1. Тірі ағзалар туралы көп салалы ғылым саласы (Биоло
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>