"Сын тұрғысынан ойлауға үйрету" тақырыбына коучинг жоспары
1 апта 1 сабақ
Коучинг тақырыбы:
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету
Жалпы мақсат:
"Сын тұрғысынан ойлау" туралы түсінік беріледі, "Сын тұрғысынан ойлау - педагогикалық түсінік" пен "Сын тұрғысынан ойлау технологиясы" ұғымдары арасындағы айырмашылықты айқындай біледі. Сын тұрғысынан ойлауды өз сабақтарында қолдана алады. 
Күтілетін нәтижелер:
Сабақ соңында мұғалімдер сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және ой жүгірту нәтижесінде алған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және жинақтауда қолданылатын әдіс- тәсіл екенін біледі. 
Түйінді идеялар:
 -Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз ойдың проблеманы шешу үдерісіне шоғырлануын білдіреді, бұл тұрғыдан алғанда сын сөзі "мақұлдамау" немесе "теріске шығару" дегенді білдірмейді. 
-Сын тұрығысынан ойлау ой жүгірту, тұжырым жасауды және проблеманы шешкен жағдайлардың барлығында орын алады. 
Сабақта қолданылатын материалдар:
Үлестірмелі материалдар, А3 қағазы, АКТ, бейне материал
Оқыту әдістері:
Миға шабуыл
Таныстырылым
Ой қозғау
Эссе
 қысқаша әңгіме
болжау ағашы
Қиылысқан пікірлер
Кері байланыс "Чемодан, ет тартқыш, себет"
 Коучингтің жүргізілу барысы
Коучинг кезендері
Уақыт 
Коуч пен коучингіге қатысушылардың іс-әрекеті 
І. Ұйымдастыру 
1 мин
Сәлемдесу, психологиялық дайындық мен қазір қай жерде тұрмын (блоб ағашын толтырғызу) коучингке дейін. (Дубай бейнефильмі жүргізіліп тұрады)
Сергіту сәті (Эмоционалдық дайындық) 
2 мин
Қара жорға биі арқылы сергіту сәтін өткізу
Топқа бөлу
4 мин
үш түсті шеңберді тарату арқылы топқа бөлу
Жаттығулар 
5 мин
7 мин
1
		Страницы: 1 | 2 | 3 > >>
