Сын есімнің түрлері

Страницы: <<  <  1 | 2

Келесі ойынға көшпес бұрын сұраулық шылауларды еске түсірейік.
Мысалы: Мынау сәбіз бе? Мынау шие ме?
"Көңілді лото" ойынын ойнаймыз. Жұптық жұмыс.
Әр жұпқа жеміс-жидек, көкөністердің суреттері бар кеспелер, конверт беріледі. Конверттегі шылауларды орнына дұрыс қойып шығу керек. Бірнеше жұп сұралады.
/. Жұмбақ жасыру.
1)Сыныпты 3 топқа бөлу. Әр топ бір жеміс, көкөністі жасырады. Келесі топ жұмбақты шешу керек.
2)Меніңде сіздерге қоятын жұмбағым бар.
Әрі есеп, әрі өлең,
Өсіп тұрған 4 алмұрт
Қызығатын көрген жұрт.
Бұтақтағы екеуін,
Алып жеді Мұратхан
Қанша қалды алмұрттан?
(2 рет оқылады, түсінгендері сұралады. Оқушылар хормен оқиды. Шешуін табады).
3) 1 оқушы тақтаға есеп шығарады. (4-22)
/. Сабақты қорыту
Сабақта не туралы әңгімелестік?
Жемістер қайда өседі?
"Келісесіңдер ме?" ойынын ойнату.
Мысалы: Алма-көкөніс. Жоқ, ол жеміс.
Х. Бағалау. Қолдарындағы жинаған фишка санын айтқызып, сол бойынша әр оқушыны бағалау.
Х. Үйге тапсырма. Жұмбақты жаттап келу. Сабақтың соңында оқушылар көкөніс, жемістер туралы білетін тақпақтарын, өлеңдерін айтқызу.




Страницы: <<  <  1 | 2
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: