Сын есім

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3

салқын су, салқын ауа, салқын түн, салқын күз…

Салқын, терең, әдемі, жеңіл, ұзын, қатты, ақ, жасыл, күрең, әдепті, сабырлы.
129-жаттығу. Оқып шығып, өлең жолдарындағы сын есімдерді табыңдар, олардың мағыналық белгілерін ажыратыңдар.
Терең – қандай? сын есім, заттың көлемдік белгісін білдіріп тұр.
Қалың - қандай? сын есім, заттың салмақтық белгісін білдіріп тұр.
Сұр - қандай? сын есім, заттың түсін білдіріп тұр. т. б.
130 – жаттығу. Мәтінді оқып, сын есімдерді табыңдар да, сұрақ қою арқылы қай сөзбен тіркесіп тұрғанын анықтаңдар.
Төңірек қандай? Төңірек ылғи бір белес, ылди, ойпаң. Қандай шөп? Қалың көк шөп. Қандай шалғын? Көк шалғын. Қандай күн? Алтын күн. Қандай жерге? Сұлу жерге. т. б.
Сұрақ –жауап:
Біз бүгін қандай тақырып өтті?
Қандай сөз табы сан есім деп аталады екен?
Сұрақтары қандай?
Сын есімнің қандай мағыналық белгілері болады екен?
Мысалдар келтіріңдер.
Үйге: 63-64 беттердегі 127 – 131 – жаттығуларды орындау. Сын есім туралы түсінікті қайталап оқу.
Сабаққа жақсы, белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау.
Сабаққа ынтасы төмен оқушыларға жекелеме тапсырмалар беру.






Страницы: <<  <  1 | 2 | 3
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: