Сөйлем мүшелерінен өткенді қайталау

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Қазақ тілі пәнінен 8-сыныпта өтетін ашық сабақтың
жоспары:
Тақырыбы: Сөйлем мүшелерінен өткенді қайталау
Мақсаты :
Сөйлем мүшелерінен өткенді еске түсіру, олардың грамматикалық белгілерін меңгерту, білімдерін бекіту.
Өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету, өз ойын еркін жеткізе білуге баулу, сөйлем талдау дағдысын қалыптастыру.
Елін сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу, мақал-мәтелдер арқылы оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру.
Сабақтың тегі: Қайталау, жинақтау сабағы
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, топтық жұмыс, шығармашылыққа ізденіс, шығарма жазу, ойтолғау.
Сабақтың көрнекілігі: Кітаптар, Астананың әсем ғимараттарын слайд арқылы көрсету, электронды оқулық, карточка.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу, сабаққа зейіндерін аудару, 2 топқа бөлу, бүгінгі сабақтың ерекшелігін түсіндіру, мақсатын айту.
ІІ. Жаңа сабақ
Балалар, алдымызда қандай мереке келе жатыр?
Дұрыс айтасыңдар. Биыл еліміздің тәуелсіздігіне 24 жыл толып отыр екен. Ендеше біз өзіміздің біліміміз арқылы осы мерейтойға өз үлесімізді қоса аламыз. 2016 жылы Тәуелсіздігімізге 25 жыл толады.
Өркендеген Астана –Қазақстанның шыңға шарықтаған бәйтерегі. Бүгінгі сабағымызда еліміздің рухани орталығына, мәдени мекеніне айналған айшықты қала – Астанаға саяхат жасаймыз.
Еңселі елордамыздағы басты ғимарат - Қазақстан Президентінің резиденциясы – Ақорда.
Бұл ғимараттың ұзындығы 600 метр, ені 20 метр. Ақордадан келіп түскен шұғыл хатқа жедел жауап бересіңдер, саяхатымызды әрі қарай жалғастыра аламыз.
Топтық тапсырмалар:
І топ.
1. Сөйлем мүшелерінің 3 белгісін білесің бе? Ата?
2. Бастауыш нені білдіреді? Дара бастауышқа мысал келтір.
3. Толықтауыш

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: