Сөйлем мүшелерінен өткенді қайталау

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3

беріп тұрған «Астана-Бәйтерек» монументіне де таяп қалдық. Биіктігі 97 метр Бәйтеректің жоғарғы шыңына шыққыларыңыз келсе, 2 топтың жетекшілері сынға түседі:
І топ жетекшісіне
1. Шылау сөйлем мүшесі бола алады ма? (жоқ)
2. Бастауыш кім? не? деген сұраққа жауап береді (иә)
3. Анықтауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшесі (жоқ)
4. –ның, -нің - ілік септігінің жалғауы (иә)
5. «Биылғы күз салқын» Бұл құрмалас сөйлем (жоқ)
6. «У»- тұйық етістік жасаушы жұрнақ (иә)
ІІ топ жетекшісіне
Бастауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшесі (иә)
Мен, сен, ол, біздер – жіктеу есімдіктері (иә)
«келе жатыр» - үйірлі баяндауыш (жоқ)
Сөйлем мүшелері құрылысына қарай 3-ке бөлінеді (иә)
Сөйлем мүшелерін тіл білімінің морфология саласы зерттейді (жоқ)
Толықтауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшесі (жоқ)
Үйге; «Болашақты нұрландырған Тәуелсіздік» тақырыбына шығарма
жазып келу. Адамгершілік, имандылық туралы даналық сөздер жаттап келу.

Оқушылар білімін бағалау.
Сабақты қорытындылау:
Есілдің жағасына қонған қалам,
Жүрегі қазағымның болған қалам.
Күн санап ертегідей өскен қалам,
Жайнашы, жасай берші, нұрлы Астанам.
- Балалар, сендер сөйлем мүшелерінен алған білімдеріңді жинақтап меңгеру арқылы нұрлы қала - Астанамызға саяхат жасадыңыздар. Біздің Тәуелсіз еліміздің болашағы жарқын. Сондықтан әлі-ақ Елордамызда саяхат жасайтындарыңа сенімдімін.




Страницы: <<  <  1 | 2 | 3
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: