Сабақтың тақырыбы: "Су - өмір нәрі" Мақсаты: Су және оның маңызы туралы білімдерін тереңдету. Білімділік: Су - тіршілік көзі екенін, пайдасы, маңызы, қасиеті туралы білімдерін кеңейту. Дамытушылық: тәжірибе жасау барысында бақылағыштық, дәм сезу дағдыларын жетілдіру. Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғау, суды ластамауға, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі:суреттер, су, сүт, қасық, бояу түрлері, шырын, түтікше, жұмыртқа, тұз, стакан, қар, мұз, бу Қолданылатын әдістер: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, көрсету, тәжірибелер, суреттерді құрастыру. Интеграция: Қоршаған орта, тіл дамыту, құрастыру. (2 слайд) Сабақтың барысы Ұйымдастыру кезеңі: "Жылулық шеңбер" Самал жел бізді желдетші, Күн нұры бізді жарқырат. Таза ауа дем берші, Мөлдір су бізді салқындат. (3 слайд) Тәрбиешінің кіріспе сөзі: Балалар, "су" деген сөзді естігенде кезде көз алдарына ең алдымен не елестейді? (балалардың жауаптары тыңдалады) -Дұрыс айтасыңдар арине. Суды адамдар не үшін пайдаланады? Жануарлар мен өсімдіктерге не үшін қажет? (балалар өз ойларын ортаға салады). Ал судың пішіні болады ма? (тарелкага суды құйып көрсету) Өте дұрыс, жарайсыңдар! Ал енді мен сендерге жұмбақ жасырайын. Ал сендер суға байланысты қандай мақал-мәтелдер билесіңдер? Судыңда сұрауы бар. Су анасы -- бұлақ, Сөз анасы -- құлақ. Судың жолын құм бөгер, Ердің жолын сұм бөгер. Сумен ойнама -- батарсың, Отпен ойнама -- жанарсың. Түнгі су -- ну, күңдізгі су -- бу. Жұмбақтар: (жауабын тапқан бала сол суреттерді тақтаға іледі) 1 Дәміде жоқ, түсі жоқ, Пайдаланбас кісі жоқ. (Су) 2 Моншағым көктің, Тестім түбін шөптін. (Тамшы) 3 Көз жасын төгіп елжіреп, Жүреді көкте көлбіреп, Жел қуса кетер селдіреп. (Бұлт) (4 слайд) Тәрбиеші: -- Міне осылардың барлығы сумен байланысты. Балалар ал сендер білесіңд
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>