ер ме су қайдан, қалай пайда болатынын? (балалардың жауаптары тыңдалады) Дұрыс айтасыңдар. Ендеше мен сендерге толығырақ түсіндіре кетейін. Су өмір бойы айналымда болады. Ол жаңбырмен жерге түседі, арық болып ағып, өзенді құрайды, ал содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып аспанға көтеріліп, жер бетіне жаңбыр болып, қайта оралады. Жаңбырдан аққан кішкентай сулар бірігіп, жылғалар болып, үлкен теңіз құрайды. Табиғаттағы судың айналымы туралы сызба-нұсқасы (1 қосымша) (Балалардан сызбаны қайтадан қайталатқызып сұрау) Ал, енді сендермен бірігіп бірнеше тәжірибелер жүргізіп көрейік. (5-6 слайд) I Тәжірибе "Су -- мөлдір" (7-8-9 слайд) Балалардың алдына екі шыны ыдыс тұрады: біреуіне су, ал екіншісіне сүт құйылған. Екі ыдысқа да қасық салып, қайсысынан көрінетінін, қайсысынан көрінбейтінін бақылайды. Суы бар ыдыстан қасықты көруге болады, ал сүт тұрған ыдыстан қасық көрінбейді. Яғни, "Су - мөлдір, сүт мөлдір емес". Балаларға бояу беріп, судыңда түсін өзгертуге болатынын да тәжірибе жүзінде біледі. II Тәжірибе "Суда дәм жоқ" (10 слайд) Балалар түтікше арқылы су ішіп көреді. Онда дәм бар ма? Оларға салыстыру үшін шырынның дәмін көрулерін ұсынады. Суға қант қосып, дәмінде өзгертуге болады. Балалар өз ойларын айтады, неліктен судың дәмі өзгергендігін. III Тәжірибе "Судың иісі жоқ" (11 слайд) Балалар суды иіскеп көреді, судың иісінің жоқ екенін сезінгенше, тағы да қайталап иіскету керек. Ал екінші ыдыста түссіз тәтті суға ванилин араластырған суды құйып, балаларға иіскету керек. Балалар екі ыдыстағы судың айырмашылықтарын айтады. Сергіту сәті Ал, балалар тұрайық, мойнымызды бұрайық, Қолымызды созайық, су ішінде қалықтап, Қане, жүзіп алайық, Оңға бір, солға бір қарап, денемізді бұрайық. (12 слайд) Тәрбиеші: Ал, балалар жаңа ғана біз се
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>