Ермағамбетова Ұлдықыз Төлегенқызы
С. Мәуленов атындағы гимназия
Қостанай қаласы
Қостанай облысы, ҚР
БІЛІМНІҢ КЕЛЕШЕГІ ЖӘНЕ XXI ҒАСЫР ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ, ЕЛ БОЛАШЫҒЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына2017 жылғы 31 қаңтардағы "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекегеқабілеттілік" деген болатын.
Қазіргі кезде цифрлық технологияларды дамыту және адам қызметінің барлық саласын цифрландырудың жылдам қарқынмен дамуына байланысты STEM білім беру маңызды және өзекті мәселе, білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде ерекше назар аударуды талап етеді.
STEM білім беру дегеніміз жаратылыстану, математика, информатика, робототехника бойынша пәндер өзгермелілігін терең зерттеуді білдіреді.
Осыған байланысты, бүгінгі таңда, орта білім беру жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі оқушылардың ғылыми-зерттеу және жобалық қызметіне жағдай жасау,жаратылыстану, физика-математика және техникалық ғылымдарды оқып-үйрену, ғылыми-техникалық шығармашылықты жүзеге асыру, оқушылардың шығармашылық есептік ойлау қабілетін қалыптастыруға,ғылыми-зерттеу бастамаларына, инженерлік және технологиялық перспективаларына өздерінің ынталандыруларын көрсетуге ықпал ету.
Ақпараттық жаһандану дәуірінде және технологияның тез эволюциясы кезінде машина жасау, ғылым, өнер, IT технологиясы және т. б. байланысты мамандықтар барған сайын танымал бола бастады.
Сондықтан да қазіргі таңда мектеп қабырғасынан осы мамандықтарға оқушыларды баулу , қызықтыру, түсіндіру қажет сияқты.
Қазіргі уақытта осы бағытта білім беру белсенді дамып келеді, негізгі идеясы жаратылыстану ғылымдарының интеграциясы болып табылатын бағыт ретінде, технологиялар, модельдеу, өнер, математика, пәнаралық және қолданбалы тәсілдер
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>